Astana Hub алаңында Қазақстан мен Орталық Азияда медициналық жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған коммерциялық емес инфрақұрылымдық жоба – MedHub HAQ ресми түрде іске қосылды.
Жобаның іске қосылуы 2026 жылғы 11 шілдеден бастап күшіне енетін және дербес деректермен жұмыс істеуге жаңа талаптар енгізетін Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің қолданысқа енгізілуі қарсаңында өтті. MedHub HAQ денсаулық сақтау саласында AI-шешімдерін әзірлеу, тестілеу және енгізу барысында иесіздендірілген медициналық деректерді қауіпсіз пайдалануға арналған инфрақұрылымды қалыптастырады.
Жоба медициналық ұйымдарды, жоғары оқу орындарын, дәрігерлерді, зерттеушілерді, AI-әзірлеушілерді және medtech-стартаптарды біріктіреді. Қатысушылар иесіздендірілген деректер жиынтығымен жұмыс істеп, шешімдерді клиникалық валидациядан өткізе алады, AI-модельдерді тестілеп, жобаларды медициналық практикаға енгізілгенге дейін сүйемелдейді.
MedHub HAQ-тың негізгі бағыттарының бірі – medtech-стартаптарға арналған акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама қатысушылары иесіздендірілген медициналық деректерге, AI-шешімдерін тестілеу инфрақұрылымына, салалық сараптамаға, білім беру бағдарламаларына және жобаларды ауқымдауға қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаның алғашқы резиденттері ретінде медициналық тексерулерді цифрландыру, дерматологиялық аурулар мен инсультті диагностикалау бағытында шешімдер әзірлейтін e-Osmotr, Teri AI және Neuro Guard стартаптары тіркелді.
Алғашқы бір жыл ішінде MedHub HAQ командасы 150-ден астам стартаптан тұратын экожүйе қалыптастырып, медициналық ұйымдармен бірлесіп 100-ге жуық пилоттық AI-жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
«Medtech саласындағы жасанды интеллектіні дамыту үшін тек мықты технологиялық командалар ғана емес, сонымен қатар әзірлеушілерді, медицина қауымдастығын, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік институттарды біріктіретін жетілген инфрақұрылым қажет. MedHub HAQ-тың іске қосылуы Қазақстанда осындай экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Astana Hub стартаптардың идеядан бастап нақты енгізуге дейінгі жолын жеделдетуге және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті AI-шешімдерінің пайда болуына жағдай жасайтын бастамаларды қолдайды», – деді Astana Hub басқарушы директоры Танат Үскембаев.
«Медициналық AI-ды тек жақсы алгоритмнің көмегімен дамыту мүмкін емес. Ол үшін деректер, дәрігерлер, деректерді таңбалау, заң талаптарына сай процестер, сараптама және әзірлемелерді тәжірибеге енгізу жолы қажет. MedHub HAQ осы элементтердің барлығын біртұтас жұмыс жүйесіне біріктіру үшін құрылды», – деді MedHub HAQ негізін қалаушы Тоғжан Қожалы.
Жоба алты негізгі бағыттан тұрады:
-
MedEx – AI-модельдерін оқыту және тестілеуге арналған иесіздендірілген клиникалық деректермен алмасу платформасы;
-
MedLabel – салалық мамандардың қатысуымен медициналық деректерді аннотациялау және таңбалау сервисі;
-
MedVentures – medtech-стартаптарға арналған challenge-акселератор;
-
MedAcademy – цифрлық медицина және медициналық AI саласындағы мамандарды даярлау бағдарламасы;
-
MedEvents – кәсіби қауымдастыққа арналған алаң;
-
MedAdvisory – медициналық AI, деректермен жұмыс, комплаенс және енгізу мәселелері бойынша консультациялық бағыт.
Іс-шара барысында MedHub HAQ-тың медициналық деректермен жұмыс істеу тәсілдері, акселерациялық бағдарламасы, білім беру бағыты және клиникалар мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тетіктері таныстырылды. Сондай-ақ алғашқы резидент-стартаптар – e-Osmotr, Teri AI және Neuro Guard өз өнімдерін ауқымдау, реттеуші рәсімдерден өту және MedEx платформасы арқылы AI-модельдерін оқыту тәжірибесін ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша MedHub HAQ жоғары оқу орындары және медициналық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстанда медициналық деректерді, дәрігерлік сараптаманы, ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелерді қолданбалы жобаларға біріктіретін кәсіби Health AI инфрақұрылымын қалыптастыруға негіз болады.
MedHub HAQ туралы
MedHub HAQ (Health AI Quality) – Қазақстан мен Орталық Азияда медициналық жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған коммерциялық емес қор және инфрақұрылымдық жоба. Жоба медициналық ұйымдарды, жоғары оқу орындарын, дәрігерлерді, зерттеушілерді, әзірлеушілерді және стартаптарды біріктіріп, иесіздендірілген медициналық деректермен қауіпсіз жұмыс істеуге, деректер жиынтықтарын дайындауға, AI-модельдерін оқытуға және Health AI шешімдерін енгізуге жағдай жасайды.