Open Day кезінде қатысушылар жасанды интеллект саласындағы идеяларын таныстырып, өз жобаларын жасау мүмкіндігіне ие болды. Көпшілік үшін бұл хакатон – идеясын сынап көруге, MVP дайындауға және дайын AI өнімін нарыққа шығаруға үлкен мүмкіндік.
Іс-шараны Astana Hub бас директорының кеңесшісі Ильяс Макашев ашты. Ол AlemPlus платформасы AI жобаларын жасауға қажетті құралдарды бір жерге жинағанын айтты.
«Alem Plus – Astana Hub қауымдастығына жасанды интеллект шешімдерін жасауға қажетті құралдарға қолжетімділікті жеңілдету үшін құрылған платформа. Оның құрамына LLM модельдері, деректер базалары, код жеткізу құралдары, сондай-ақ No Code және Low Code SaaS-платформалары кіреді. Біздің пайдаланушылар шешімдердің прототиптерін әзірлейді, MVP жасап, іске қосады немесе Alem Plus құралдарын өз өнімдерінің ішінде қолданады. Біз хакатон қатысушылары таңдалған тақырып бойынша стартап-жобаларына арналған MVP-лерді біздің платформаны пайдалана отырып жасағанын қалаймыз», – деді Astana Hub бас директорының кеңесшісі Ілияс Мақашев.
Хакатон үш күнге созылады. Соңында үздік 10 команда іріктеліп, Demo Day кезінде қазылар алдында жобаларын қорғайды. Сонымен қатар қатысушыларға арналған воркшоптар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар қорының басқарушы директоры Дәурен Рахимжанов қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдегі AI экожүйесін дамыту маңызды екенін айтты. Ал Astana Hub-тың AI өнімдері кеңсесінің директоры Алдамжар Киікбаев Alem Plus платформасының мүмкіндіктері туралы толығырақ таныстырды.

Ресми бөлімнен кейін командалар AlemPlus платформасына тіркелуді бастады. Сарапшылар үздік 10 финалисті таңдайды. Бағалау кезінде жобаның техникалық жағы ғана емес, оның адамдарға қаншалықты пайдалы екені, нарыққа қажеттілігі және болашақта дамуына мүмкіндік бар-жоғы ескеріледі.
Хакатонның басты мақсаты – адамдар мен бизнеске нақты пайда әкелетін AI-стартаптардың MVP нұсқасын жасау. Мұнда жасанды интеллект тек қосымша функция емес, өнімнің негізгі бөлігі болуы керек.
Бағдарлама аясында қатысушыларға арналған арнайы офлайн-квест ұйымдастырылып, барлық командаға хакатонның арнайы мерч өнімдері табысталды.
Қатысушылардың қатарында Қырғызстаннан келген Claude Code Warriors, EQUUS, Outtalent, ustaBIM.online командалары, Өзбекстаннан Rabbit, All-in, Verta командалары, Тәжікстаннан Team Perspective командасы, сондай-ақ Қазақстаннан OTA, Luminai, QAIT.dev, Delphi, Huquq, Team Spirit, MonoLab, Larp factory, Utopia 20, PelvioraAI, Woolet, MoonExist, Madagascar, DOGGERS және басқа да командалар бар.
AlemPlus Hackathon 2026 жеңімпаздары 22 мамыр күні өтетін Demo Day кезінде анықталады. Үздік командалар өз жобаларын таныстырып, марапатталады. Бұл көптеген қатысушылар үшін халықаралық нарыққа шығатын алғашқы қадам болуы мүмкін.