Астанада Astana Hub және Google for Startups бірлескен бағдарламасының төртінші легі басталды

Астанада Silkway Accelerator іріктеуінен өткен Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 15 үздік стартап үшін Opening Day шарасы өтті. Акселератор шеңберінде бағдарлама аяқталғанша әр стартап команданың екі мүшесін тегін баспанамен қамту, шетелдік қатысушыларды визамен қамтамасыз ету, сондай-ақ Google for Startups және Astana Hub-тан оқу және тәлімгерлік қарастырылған.


Төртінші лек  қатысушылары Орталық Азия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузияны қоса алғанда, 8 елден 197 үміткер арасынан іріктелді. Іріктеудің төрт кезеңі нәтижесінде беделді акселераторға қатысу үшін үздік 15 стартап таңдалды, олар: ARLAN BIOTECH, Care Pay LLC, Cleek.kz, Dalatech Systems, Gram, Growave, Metacog Metrics, Metaland Metaverse, Mystory, OILA, Aqyl Battle, Python RPA, Tastamat, 24SaaS-бұлтты қызметтер провайдері сервисі, ZebraEye.

Opening Day шарасында ҚР ЦДИАӨМ IT-саланы дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов құттықтау сөз сөйледі. Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев хабтың қызметі мен ағымдағы көрсеткіштері, стартаптарды қолдау шаралары және Silkway Accelerator бағдарламасының өткен үш кезең нәтижесі туралы айтты. Шараға сонымен бірге Google for Startups өкілдері, трекерлер мен инвесторлар қатысты.

Айта кету керек, Қазақстан - Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін бірінші және жалғыз мемлекет. Silkway Accelerator үш легінің нәтижесі бойынша 37 стартап жақсы нәтижеге қол жеткізе отырып, халықаралық нарықтарға шықты:  бұл компаниялардың жиынтық бағасы $400 млн, MRR- $2 млн, сонымен қатар олар акселерация бағдарламасы кезінде $7,5 инвестиция тартты.

Бағдарламаның біріншіекінші, үшінші және төртінші легі туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.

Google for Startups - Google корпорациясы 2011 жылы іске қосқан стартап бағдарламасы. Оның 125 елде 50-ден астам коворкинг пен акселераторы бар, технологиялық кәсіпкерлер үшін практикалық сабақтар ұсынады.

 

 

 

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін