Қазақстанда әлемдегі ең ірі мультилокациялық хакатон — Decentrathon 2.0 басталды

2024 жылдың 18 қазанында Қазақстанда Decentrathon 2.0 — мультилокациялық хакатонның ашылуы өтті. Приз қоры $50 000 құрайтын бұл шараны Blockchain & AI Technology Center (BAITC) Astana Hub-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.


Екі күн ішінде Қазақстанның 17 өңірінен келген 2500-ден астам қатысушы жасанды интеллект, блокчейн, ойындарды әзірлеу және Telegram mini-apps сияқты негізгі технологиялық бағыттарда өздерінің инновациялық әзірлемелерін ұсынады.  Бастама Қазақстанның озық технологиялар саласындағы аймақтық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтып, ЖИ саласындағы экожүйенің дамуына ықпал етеді. Бұл іс-шара Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын Generative Nation қозғалысының бір бөлігі. Осы қозғалыс аясында жасанды интеллект технологияларын ілгерілетуге бағытталған AI Movement бастамалары жүзеге асырылуда.

Былтыр Decentrathon Қазақстанның 12 өңірінен 1500-ден астам әзірлеушіні біріктіріп, үлкен табысқа жеткен болатын, бұл қазақстандық әзірлеушілердің зор әлеуетін көрсетті. Биыл хакатон ауқымын кеңейтіп, Қазақстанның барлық 17 өңірін қамтиды, бұл оны әлемдегі мұндай ауқымдағы алғашқы іс-шарағаайналдырады.

Ашылу салтанатында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйлеп, жасанды интеллектті дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы баяндады.

«Generative Nation қозғалысы бүкіл елді қамтитын AI-трансформацияны іске асыруға бағытталған. Әрбір Қазақстан өңірінің бұл процеске қатысуы маңызды. Decentrathon — елдің барлық өңірін біріктіретін алғашқы IT-іс-шара, бұл жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы Қазақстанның көшбасшылығын нығайтуға жасалған маңызды қадам», — деді Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Blockchain and AI Technology Center-пен серіктестікте Decentrathon-ға қатысатын инженерлер мен Қазақстанның IT түлектеріне арналған төрт апталық тегін AI-driven карьера буткемпін іске қосатынын жариялады.

Буткемп аясында практикалық мастер-кластар мен жетекші технологиялық компания өкілдерімен кездесулер өткізіледі, онда қатысушылар AI-дің мансап мүмкіндіктерін қалай өзгертетінін, қандай дағдыларды дамыту керектігін және жаңа шынайылықта мансапты қалай құру керектігін үйренеді. Осындай іс-шаралар, соның ішінде буткемп пен AI-driven карьера бастамасы, Қазақстанның технологиялық индустриясындағы адами капиталды айтарлықтай нығайтуға көмектеседі.

Буткемпке кез келген IT-мамандары қатыса алады. Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Дереккөз: ҚР ЦДИАӨМ 

Пікірлер 10

Кіру пікір қалдыру үшін

Удачи всем! Приятно видеть, как Казахстан развивается в сфере цифровизации

Жауап беру

Круто, уже ждем следующий год!!

Жауап беру

Удачи!впередь к цифровому Казахстану

Жауап беру

как злорово 👏🏽👏🏽👏🏽

Жауап беру

Let's Go 🚀

Жауап беру

Всем удачи. Пусть победят сильнейшие.

Жауап беру