Мәжілісте инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасы таныстырылды
Бүгін Мәжілісте инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен өткен отырысқа депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана және Алматы қалаларының мәслихат депутаттары мен Парламентаризм институты, «Атамекен» ҰКП және «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері қатысты.
Отырыста баяндама жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорын біріктіруді заңнамалық тұрғыдан реттеу ұсынылып отырғанын атап өтті.
Бұл шаралардың негізгі мақсаты – инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың экожүйесін дамыту үшін синергияны күшейту. Осы блок шеңберінде «Инновациялық технологиялар паркі» бірыңғай дербес кластерлік қорында өкілеттіктерді біріктіру, функцияларды нақтылау, негізгі ұғымдарды түзету және басқаруды оңтайландыру көзделген. Барлық өзгеріс заңнаманы жаңа құрылымның қажеттіліктеріне сәйкес келтіруге бағытталған. Осы блокты іске асыру қолдау құралдарын шоғырландыруды, қайталанатын функцияларды жоюды, 2025 жылға қарай тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және ақпараттық технологиялар саласындағы «Astana Hub» табысты тәжірибелерінің аясын басқа инновациялық бағыттарға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді, – деді Қ Төлеушин.
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат пен Технопарк қатысушыларынан түскен алымдар «Astana Hub»-ты қаржыландырудың негізгі көздері болып саналады. Қор коммерциялық емес ұйым болғандықтан, заң жобасы «алымдар мен төлемдер» терминін олардың нақты мақсатын көрсететін «мүшелік жарналарға» ауыстыруды ұсынады. Бұл өзгерістер елдің мемлекеттік тапсырмаға арналған шығыстарын қысқартуға және «Astana Hub»-тың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қатысушыларға тұрақты қолдау көрсетуге және елдің экожүйесін дамытуға жол ашады.
Заң жобасының тағы бір бөлігі ақпаратқа және қолдау шараларына орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз етуге, ғалымдар, инноваторлар, мемлекеттік органдар, бизнес, жер қойнауын пайдаланушылар және халықаралық серіктестер арасындағы өзара іс-әрекетті күшейтуге бағытталған.
Отырыста венчурлық капитал нарығын одан әрі дамытуға қатысты заңнамалық бастамалар да қарастырылды. Венчурлық қорларды бірлесіп қаржыландыру тиімділігін олардың активтерінің табыстылығына, яғни жобалар портфеліне негізделген бағалау маңызды норма ретінде енгізілмек. Бұл қазақстандық инновациялық саясатты дамыған экономикалардың тәжірибелерімен салыстыруға, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, стартаптар мен инновацияларды қолдауды күшейтуге және жоғары технологиялық салаларға қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: ҚР Парламентінің Мәжілісі
Суретті түсірген Т.Таныбаев
Пікірлер 10
Кіру пікір қалдыру үшін
Balzhan I · Қар. 23, 2024 18:06
👏🏻👏🏻👏🏻
Balzhan I · Қар. 23, 2024 18:05
👍🏻👍🏻👍🏻
Гүлзейнеп Ерболатқызы · Қар. 22, 2024 20:29
👍👍
Lain Iwakura · Қар. 21, 2024 12:45
cool!
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:07
👍
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:07
👍
Laura Meir · Қар. 21, 2024 10:55
👍
Laura Meir · Қар. 21, 2024 10:54
👍
Александр Цой · Қар. 20, 2024 15:40
👍
Arman Zhalgasbayev · Қар. 19, 2024 15:08
Cool 👍