Digital Almaty 2025: жүлде қоры $60 мың құрайтын жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы стартаптар байқауы өтеді
Digital Almaty форумының бейресми бөлігі идеялармен алмасу және инновацияларды енгізу үшін бірегей экожүйені құра отырып, оқушылар мен студенттерді, цифрлық индустрия көшбасшылары, стартаперлер мен инвесторларды біріктіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова айтып берді.
Оның айтуынша, форумда FIRST Tech Challenge-нің республикалық кезеңі өтеді. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық жарыстарда таныстыруға мүмкіндік алады, сондай-ақ дрондар футбол лигасы өтеді.
Форум аясындағы басты іс-шараларының бірі Industry AI Battle болады. Бұл - AI мен цифрлық трансформация саласындағы стартаптар жарысы. Қатысушылар 60 мың долларды құрайтын жүлде қоры мен форум серіктестерінің гранттары үшін жарысады.
«Дәстүрлі стартаптар аллеясы 80-нен астам инновациялық жобаны ұсынады, бұл мыңдаған қонаққа, соның ішінде инвесторларға Қазақстанда ұсынылған жаңа идеялар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Робо-аймақта қазақстандық кәсіпорындарда қолданылатын түрлі роботтарды көруге болады. Былтыр Алматыда ЦДИАӨМ қолдауымен робототехника орталығы құрылды. Көрмеге келушілердің барлығы осы бірегей туындылармен жақынырақ таныса алады.
Форум ұйымдастырушыларының бірі – Astana Hub. Аталған ұйымның басқарушы директоры Digital Almaty 2025 Қазақстанда осы уақытқа дейін әзірленген және дайындалып жатқан барлық туынды, жетістіктер мен жобалардың қорытындысы екенін айтып, сөзін қорытындылады.
Пікірлер 7
Кіру пікір қалдыру үшін
Бахытжан Р · Ақп. 3, 2025 13:48
ребята вы пишите нормально, "по ее словам"- по чьим словам? "сообщила спикер" - кто спикер?
Lain Iwakura · Ақп. 3, 2025 02:30
✌️✌️✌️✌️
Айгерим Турарбек · Қаң. 27, 2025 23:29
уаааау, будет интересно !!!!
Laura Meir · Қаң. 27, 2025 21:06
👏👏👏
Kyzylorda Hub · Қаң. 27, 2025 11:28
👏👏👏
Ерали Жаксыбаев · Қаң. 26, 2025 01:38
Прикольно
Sergey Migin · Қаң. 26, 2025 00:08
Интересно будет