Yessеnov технопаркінде Astana Hub қолдауымен Николя Садирактың 01 Edu бағдарламасы бойынша білім беріледі

Маңғыстауда IT-мамандарды даярлау және стартаптарды қолдау аясында "Yessenov Technopark" ашылды. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін бүкіл әлем бойынша IT оқыту тәсілін өзгерткен Ecole 42 мен 01 Edu революциялық әдістерінің авторы, әйгілі француз педагогы Николя Садирак шақырылды.


Ecole 42 бағдарламасы – "мұғалімдер мен жаттықтырушыларсыз" әдісіне негізделген. Студенттер өзара әрекеттесу арқылы нақты жобаларды жүзеге асырады. Қазір бұл тәсіл бүкіл әлем бойынша мамандарды даярлау эталонына айналды. Оның осы принципке негізделген 01 Edu платформасы студенттерге жасанды интеллект,блокчейн, ойын дамыту мен  киберқауіпсіздік сияқты озық бағыттарды игеруге көмектесетін екі жылдық білім беру бағдарламасынан тұрады. Николя Садирактың білім беру мектебі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana қолдауымен ашылды.

Yessеnov университеті – Қазақстанда 01 Edu платформасын енгізген алғашқы жоғары оқу орны. Жаңа технопарк өнімділігі жоғары 90 компьютермен жабдықталған. Бұл білім алушыларға халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес оқуға және нақты жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері тек Қазақстанда емес, шет елдерде де бәсекеге қабілетті болады.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен NSDS Digital Investments арасында Қазақстан мен Орталық Азияда цифрлық және жасанды интеллект білімін дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен NSDS Digital Investments-тің тең құрылтайшысы Николя Садирак қол қойды.

Astana Hub басты серіктес рөлін атқаратын бұл ынтымақтастық 01Edu платформасы негізінде инновациялық бағдарламалау мектептері желісі – Tomorrow School-ды дамытуға, жасанды интеллект бойынша инновациялық оқу бағдарламасын құруға, қазақстандық таланттарды халықаралық аренада ілгерілетуге, сондай-ақ екі тараптың әртүрлі іс-шараларға қатысуына және білім алмасуға бағытталған.

Tomorrow School – Қазақстан Республикасы Президентінің жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту жөніндегі бастамасы шеңберінде осы жылдың қазан айында Astana Hub технопаркі іске қосқан Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі. Tomorrow мектебі тек 01 Еdu платформасы негізінде жұмыс істейді және алдын ала бағдарламалау дағдыларын қажет етпестен AI-саласында тегін білім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Дереккөз: ҚР ЦДИАӨМ

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

барсам орын жоқ толып қалған деп отырғой

Жауап беру