Сербия Президентінің назарына отандық әзірлемелер мен жасанды интеллект-стартаптар ұсынылды. Astana Hub-та IT-стартаптарды қолдау жүйесіне және жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлінді. Сондай-ақ онда BestVision – өнеркәсіп пен тау-кен өндірісі үшін АІ-мониторингі, бейнесараптамасы және трекингі бар ақылды каска әзірлеуші; KazDream – бағдарламалық қамтамасыз ету, деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы стартап; Documentolog – электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған ұлттық бұлтты сервис; QazTwin - өнеркәсіптік нысандарға арналған цифрлық егіздер платформасы (3D-модельдер, IoT және AI-талдау); Axellero - жасанды интеллект агенттері мен мультиагенттік жүйелерді құруға арналған low-code платформа сияқты қазақстандық стартаптар таныстырылды.
Сапар барысында alem.ai орталығының негізгі кеңістіктері таныстырылды. Жасанды интеллект тақырыбымен танысу XVII ғасырдағы философиялық идеялардан бастап қазіргі нейрожелілер мен генеративті модельдерге дейінгі эволюцияны көрсететін Технологиялық серпіліс мұражайынан басталды. Иммерсивті аймақта ЖИ технологияларының мүмкіндіктері интерактивті форматта ұсынылған. Цифрлық гид қызметін AI-Con инсталляциясы атқарады — ол келушілердің сұрақтарына жауап беретін интерактивті жүйе. Навигацияны AILA цифрлық гиді толықтырады. Сонымен қатар робот-шахматшымен шахмат ойнау мүмкіндігі ұсынылды. Smart City аймағында жасанды интеллектінің қалалық инфрақұрылымды басқарудағы қолданылуы таныстырылды. Экспозиция ақылды мобильдік (трафикті оңтайландыру), ақылды энергетика (жүйелерді теңгерімдеу) және қоғамдық қауіпсіздік бағыттарын қамтиды.
180° проекциясы бар AI Cinema иммерсивті кинотеатрында қонақтар Қазақстандағы алғашқы технологиялық unicorn Higgsfield AI платформасында жасалған контентпен танысты.
Бұдан кейін ғарыш саласына арналған шешімдер мен USTEM Foundation әзірлемелері көрсетілді. Жасанды интеллект негізіндегі гуманоид роботтар мен робот-иттер нақты уақыт режимінде түрлі тапсырмаларды орындады.