Astana Hub-қа TikTok вице-президенті Такуя Ямагучи келді

TikTok пен Astana Hub Орталық Азия стартаптары арасында digital-маркетингті бірігіп дамыту мүмкіндігін талқылады. TikTok компанияның өкілдері Астанаға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар ұйымды аралап шықты. Технопарктың бас директоры серіктестерді қарсы алып, технопарк жұмысы мен оның қатысушыларын таныстырды.


Экскурсия кезінде қонақтар Alem School бағдарламалау мектебінде болып, InDrive, Damumed кеңселерін көрді, бұдан кейін Astana Hub және Google for Startups-тың Silkway Accelerator 1.3 бағдарламасына қатысушылардың бірі – Codify-мен танысты.

 


“Astana Hub-тың осыншалықты дамығаны және қызметінің әр алуандығы таңқалдырады. Astana Hub Орталық Азия “болашағының” орталығына айналатынына сенімдімін”, - деді TikTok вице-президенті Такуя Ямагучи.

 


TikTok - әлемнің шығармашылық ортасын, кәсіпкерлер мен жас таланттарды біріктірген және қарқынды дамып жатқан танымал платформа. TikTok өкілдерінің Astana Hub-қа сапары олардың аймақта алатын орнын нығайтуға ұмтылып жатқанының дәлелі. Мұндай ынтымақтастық Орталық Азияда таланттар мен инновацияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, екі жаққа пайда әкеледі.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін