Сапар барысында Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев қонақтарды Қазақстанның инновациялар мен цифрлық технологиялар экожүйесінің негізгі жобаларымен таныстырды. Делегация мүшелеріне Технологиялық серпіліс мұражайы мен жасанды интеллект көмегімен толықтай әзірленген контент көрсетілетін, әлемдегі алғашқы 180 градус форматындағы иммерсивті AI-кинотеатр таныстырылды.
Кездесу аясында Astana Hub қызметіне ерекше назар аударылды. Вьетнам делегациясы технологиялық кәсіпкерлікті қолдау тетіктерімен, стартаптарды дамыту бағдарламаларымен және инновациялар мен цифрлық экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысты.
Сондай-ақ Astana Hub қатысушысы болып табылатын стартаптар өздерінің жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерін ұсынды. Атап айтқанда, Shai Pro, QazTwin және Cerebra AI жобалары таныстырылды. Стартап негізін қалаушылар өз шешімдерінің практикалық қолданысы, оларды ауқымдау мүмкіндіктері және халықаралық нарықтарға шығу перспективалары туралы баяндады.
Бұл сапар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инновациялар, жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.