AI Quest басталды: Квестке қатысып, Apple техникасын ұтып ал!

12 қыркүйекте Қазақстанда AI Movement-тің бастамасы болатын жасанды интеллект бойынша зияткерлік сайыс басталды.

Квесттің мақсаты – пайдаланушыларды Жасанды Интеллект технологиясымен таныстырып, заманауи IT әлемінің технологиялары мен трендтеріне алғашқы қадам жасау.

Кімдер қатыса алады?

Жасанды Интеллект тақырыбына қызығушылық танытқан, IT саласында мансап құруға ұмтылған Қазақстанның кез келген азаматы квестке қатыса алады.

Бұл тәжірибе барлық қатысушыларға пайдалы болып, жаңа IT бағытында білім алу және мансап құру үшін жақсы негіз болмақ.

Квестке қатысқаным үшін не аламын?

Ойын рейтингінде көш бастап, ең белсенді бес қатысушы құнды сыйлықтарға ие болады: iPad 13, iPhone 15 Pro, Apple Watch 9, AirPods Max және AirPods 2! Рейтинг екі факторға байланысты құрылады: алынған XP саны мен олардың алынған күні мен уақыты.

Ал егер мен рейтингке кірмесем ше?

Қатысушылардың ешқайсысы сыйақысыз қалмайды! Квест барысында ойыншылар Social Coins тауып, оларды Astana Hub Marketplace-те тауарлар мен қызметтерге айырбастай алады. Сіз неғұрлым алға жылжысаңыз, соғұрлым сыйақыңыз көп болады.

Бұл әлі бәрі емес!

Біз AI Movement арналған коллекциялық бейдж шығардық. Қатысушылар 500 XP жинап, оны белсендіріп AI Movement бір бөлігі бола алады.

Өткізу мерзімдері мен форматы

Квест онлайн форматта өтеді. Барлық тапсырмалар Astana Hub мобильді қосымшасында, Меню → AI Movement бөлімінде қолжетімді болады. Квест ресми ашылғаннан кейін кез келген уақытта қосыла аласыз.

Жаңа тапсырмалар блоктары квесттің бүкіл кезеңінде біртіндеп ашылып, оның соңына дейін қолжетімді болады. Барлығы 7 тақырыптық блок және 14 тапсырма ұсынылған. Блоктардың ашылуы push-хабарламалар арқылы жарияланады.

10 қазан күні сағат 18:00-де квест ресми түрде аяқталып, нәтижелер жарияланады. Нәтижелер Astana Hub порталының жаңалықтар лентасында “Hub News” санатында және @astana.hub Instagram парақшасында жарияланады.

Сұрақтарыңыз бар ма? Пікірлерде жауап беруге қуаныштымыз!

Квестке қатысыңыз. AI Movement бір бөлігі болыңыз!

Пікірлер 27

Кіру пікір қалдыру үшін

👍🏻👍🏻

Жауап беру

Круто 👍

Жауап беру

Ого, классно, участвую!👍👍👍👍👍👍

Жауап беру

Looks exciting!!

Жауап беру

🔥🔥🔥

Жауап беру

Круто

Жауап беру

Ого, классно, участвую!

Жауап беру

Тоже участвую🙌🏻 всем удачи🍀

Жауап беру

🔥🔥🔥🔥

Жауап беру

Бегу скачивать

Жауап беру

Наконец активности в приложении

Жауап беру

А еще мы добавили баланс SC и XP и маркетплейс))

Жауап беру

Надо добавить таймер к задачам @astanahub

Жауап беру

🫢😶‍🌫️💡

Жауап беру

Хорошая идея! Обязательно возьмем на заметку

Жауап беру

Очень интересный квест. Первый этап уже прошел!

Жауап беру

Спасибо, мы очень старались сделать его максимально интересным.

Жауап беру

sounds cool

Жауап беру

Удачи всем!)

Жауап беру

Cool! Already started 🚀

Жауап беру