Among Us — 2020 жылы ең көп жүктелген мобильді ойын

GameDev ойын индустриясының да (ойын дамыту) киноиндустриямен қатар нарықта өзінің ерекше орны бар. Among Us ойынының айы оңынан туып, сәттілік жұлдызына жолыққан оқиғасымен толығырақ танысуды ұсынамыз.

Шын мәнінде, бұл — бәрімізге таныс қарапайым мафия, керемет қойылымы бар, тек оның сценарийі сіздің көз алдыңызда және сіздің тікелей қатысуыңызбен жазылады.

Жаңа мафияның жандануы

2018 жылдың маусымында InnerSloth компаниясы Android және iOS платформаларында ойынды жариялап, біраз уақыттан кейін ол Steam-ға шығарды.

Сол уақытта студияда тек үш адам жұмыс істеді, олардың ешқайсысы маркетинг жайлы дым түсінбеді (онлайн мультипликатор ойыншылардың өтініші бойынша ғана қосылды, ал әзірлеушілер жергілікті сессиялармен айналысқысы келді).

Алғашқы алты айда он шақты адам ғана ойнады, әзірлеушілер тіптен серверлерді жабу туралы ойлаған еді. Осы жылдың 20 қыркүйегінде екі жыл өмір сүріп келе жатқан ойын Steam сатылым чарттарында алдыңғы орындарға шықты. Бүгінде ойыншылардың жалпы саны 86,6 миллион адамнан асты, ал ойыннан келетін табыс 4,5 миллион долларға жетті!

Among Us бойынша гид

4-10 адамнан экипаж ғарыш кемесін құтқару мақсатында бірнеше миссияларды орындайды. Ойыншылардың арасында cатқындар (imposter) болады. Егер барлық миссиялар орындалып, сатқындар анықталса, ғарыш кемесінің мүшелері жеңіске жетеді. 


Стартаптың ерекшеліктері:
- Ойын негізі, космо-баптау және қызықты механика;
- Ғарышкерді баптау (түс таңдау, шляпалар, костюмдер және үй жануарлары);
- Партия жылдамдығы (орташа сессия 10 минутқа созылады).

 

 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін