2023 жылғы 01.01 бастап іске асатын Салық кодексіне енгізілген өзгерістер
- Салық кодексінің 293-бабының 4-3-тармағына кірістердің келесідей қосымша түрлері қосылды: күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер, өсімпұлдардың және айыппұлдардың сомалары, олар бойынша Астана Хаб қатысушысы корпоративтік табыс салығын 100%-ға азайта алады.
- Салық кодексінің 293-бабының 4-3-тармағына келсідей өзгерістер енгізілді: осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, Астана Хаб қатысушылары бұзушылыққа жол берілген салық кезеңі басталған күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады. Бұрын бұзушылық болған жағдайда қатысушылар Астана Хаб-қа қатысушы ретінде тіркелген күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын.
- Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден кірісті айқындау қағидалары бекітілді.
- Нормалардың қайшылығын жою мақсатында Салық кодексінің 484 - бабы 3-тармағының 3) тармақшасына өзгерістер енгізілді. Енгізілген түзетулерге сәйкес Астана Хаб қатысушылардың Қазақстан Республикасы азаматтары болып келетін қызметкерлерінің табыстарына әлеуметтік салық салынады.
- Бейрезиденттердің оларға тиесілі акциялары немесе қатысу үлестері бойынша дивидендтерін олардың есептелген күніне дивидендтер 3 жылдан астам төленсе салық салудан босату бойынша жеңілдік алынып тасталды (Салық кодексінің 645-бабының 9-тармағының 4) тармақшасы, 654-бабының 4-тармақшасы алып тасталды). Яғни бейрезиденттердің дивидендтеріне үш жыл өтсе де 5% салық салынады.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Жанар . · Ақп. 27, 2023 09:59
Добрый день! За иностранцев которые пребывают в РК менее 183 дней, за них Участник Астана-Хаб вправе ли платить соц налог? Просим дать обратную связь, спасибо!
Офис регистрации участников · Ақп. 28, 2023 10:03
Добрый день! За иностранных работников социальный налог не оплачивается, в не зависимости сколько дней он пребывает в Республике Казахстан.
Айжан Джумагулова · Маусым 17, 2024 09:14
Добрый день, при заключении физическим лицом нерезидент (ЕАЭС) договор гражданского характера за услуги удерживаем ИПН? если да можем ли применить Конвенцию запросив сертификат резидента? также имеем ли в праве применить льготу от АХ?
Роман Радионов · Мамыр 5, 2023 09:33
А как иностранцам с ВНЖ?