Жеке табыс салығы бойынша преференциялар

Астана Хаб технопаркі қатысушыларының резидент-қызметкерлері (еңбек шарты бойынша) үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 50-тармақшасына сәйкес жеке табыс салығынан босату қарастырылған.

Еңбек шарты бойынша резидент емес жұмыскерлер жеке табыс салығынан босатылмайды, өйткені 74-тараудың 655-бабының 3-тармағында салық кодексінің 341-бабына сәйкес түзету көзделмеген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі айқындалған.

Назар аударыңыз, Салық кодексінің 217-бабының 1-тармағына сәйкес Салық кодексі мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті болып танылады:

- Қазақстан Республикасында тұрақты орналасқан;

-Қазақстан Республикасында тұрақты емес, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан;

Егер өзге жағдайлар Салық кодексінің 217-бабының 2-1-тармағында белгіленбесе, жеке тұлға, егер ол Қазақстан Республикасында ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген кезекті он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) болса, ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты ораналасқан болып танылады.

Осылайша, жеке табыс салығын төлеуден босату тек Астана Хаб қатысушысының жеке тұлға-резидент қызметкердің (еңбек шарты бойынша) табыстарына ғана қолданылады.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Добрый день. Хотим заключить с физическим лицом нерезидент (ЕАЭС и прочее страны), предмет договора связан с приоритетным видом деятельности: маркетинговые и консультационные услуги. В таком случае можем ли применить льготу АХ?

Жауап беру