Astana Hub аймақтық өкілдерімен қалай байланысуға болады?

Сіздерді аймақтардағы менеджерлерімізбен таныстырамыз! Назарларыңызға қызықты фактілерді ұсынамыз:

  • Бір ерекшелігі, Ақтау қаласының өкілі Әйгерім - ең жас менеджер, ол төртінші курс студенті
  • Ал Ақтөбелік Ляйля Soile әлеуметтік мектебінің басшысы болып табылады 
  • Шымкент қаласының өкілі Хамида 2020 жылы Astana Hub аймақтық агенті болған
  • Түркістандық Азиза профессор болып қызмет атқарады, әрі PhD дәрежесінің иегері
  • Тараздық Бақтыжан Болашақ бағдарламасы бойынша Англияда IT-менеджері мамандығына оқыды
  • Ал Атыраудан келген Баянның Alga Qadam стартапы Astana Hub-та инкубациядан өткен
  • Қызылордалық Жанарыс "Almaty project nights" бизнес жобалар байқауының жеңімпазы
  • Қостанайлық Нұрбек сертификатталған бизнес-тренер және “КВН”-нен қайырымдылыққа дейінгі түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастырған
  • Павлодарлық Аида Жапонияда тағылымдамадан өтті
  • Петропавл қаласының өкілі Иванның Австралия, АҚШ, Ресей, Украина сынды елдермен сайттарды/қосымшаларды әзірлеу тәжірибесі бар
  • Өскемендік Дина FLEX алмасу бағдарламасы аясында білім алған
  • Көкшетаулық Ахама Көкшетау университетінің ғылым департаментінде жобаларды коммерцияландырумен айналысады
  • Талдықорған аймағының өкілі Әділет Жетісу университетінде "Робототехника" курсынан сабақ береді

Біздің платформамызға кіріп, іс-шаралар туралы біліңіздер де қатысыңыздар! 

Толығырақ келесі сілтеме бойынша:  communitymanagers

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Yay Community Managers!

Жауап беру