Networking-time

Бағдарламалаушы арнайы тілдер көмегімен компьютерлік бағдарламаларды жасаумен айналысады. Бұл сфера жоғары интелектуалдылықты және кәсіби білімділікті қажет етеді. Қазіргі таңда технология саласы бізге білдірмей,  қарқынды дамуда. Мойыңдағыңыз келмесе,  бір сәт осыдан 5 жыл бұрынғы технология мен қазіргі уақыттағыларды ойша салыстырып өтіңізші. Қазір жұмысшы жұмысын алмастыратын роботтар,  кең ауқымды жұмыстарды еркін, тез басқаратын смартфондар,  адам жұмысын жеңілдететін түрлі бағдарламалар бар.  Және олардың пайда болуы,  жоғары деңгейде дамуы IT саласы дамуымен тікелей байланысты.

Мен,  Айнагүл Абилова,  осы салаға деген қызығушылығыммен өз білімімді жетілдіріп,  соңғы 10 жыл көлемінде IT  саласында қызмет етіп келемін.  Бұл салада әрқашан даму үстіңде болғандықтан,  мамандардан да  соны талап етеді. Astana Hub  ұйымдасырып отырған "Кодтаусыз IT- өнімдерді жасау бойынша" экспресс курсы осыған өз пайдасын тигізіп отыр.

Айта кетейін, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін