🚀 СЕНІҢ ИДЕЯҢ ҮЛКЕН ЖОБАНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЛУЫ МҮМКІН!
Алғашқы қадамыңды жаса — Decentrathon 6.0 хакатонына тіркеліп, өз идеяңды тәжірибеде сынап көр!
💻 30–31 қазан күндері Қазақстанның 19 қаласынан қатысушылар бірігіп, нақты бизнес-кейстерді шешіп, технологиялық шешімдер әзірлейді. Петропавл қаласындағы SKO Hub алаңында өтетін хакатонға қосыл!
Екі күн ішінде сен:
💡 Өз IT-жобаңа негіз қалап, оны әзірлей аласың;
🤝 Пікірлес адамдарды тауып, команда құра аласың;
🧑💻 Менторлардан кері байланыс ала аласың;
🏆 Жүлделер үшін бақ сынап, өз дағдыларыңды нақты міндеттерде тексере аласың.
👥 КОМАНДАҢ ЖОҚ ПА? МӘСЕЛЕ ЕМЕС!
Жеке қатысуға немесе 4 адамға дейін команда құруға болады. Команда мүшелерін Decentrathon Telegram-қауымдастығынан немесе тіркелу платформасынан таба аласың.
🏆 СҚО ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ЖҮЛДЕЛЕР!
Жалпы жүлде қорынан бөлек, өңірлік жүлделер де қарастырылған.
Өңірлік есепке қатысу үшін:
▪️ Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты тіркеуде болу;
▪️ Іс-шара өтетін алаңда офлайн-чек-ин рәсімінен өту қажет.
❗️ ТІРКЕЛУ МІНДЕТТІ!
1️⃣ decentrathon.ai сайтына өт.
2️⃣ «Тіркелу» батырмасын бас.
3️⃣ edu.astanahub.com платформасында өтінімді толтыр.
4️⃣ Нақты тұратын қалаңды көрсетіп, тіркелуді аяқта.
⏳ Тіркелудің соңғы мерзімі: 29 қазан, сағат 18:00.
Осы уақытқа дейін команда құрамын да бекіту қажет.
📅 30–31 қазан | 10:00–18:00
📍 SKO Hub, Петропавл қаласы
Уақытты жоғалтпа — командаңды жина, идеяңды дайында және Decentrathon 6.0 хакатонына қатыс! 🔥