AI HACKATHON

 Жасанды интеллект теміржол саласында

Өтінішіңізді 2024 жылдың 21 мамырына дейін жіберіп үлгеріңіз

Жалпы ақпарат

Ұйымдастырушы

«Транстелеком» АҚ – Қазақстан Республикасындағы ірі байланыс операторлары мен бұлттық қызмет провайдерлерінің бірі

Өтетін жер

Хакатон Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55/8 мекенжайы бойынша Astana Hub ғимаратында өтеді.

Бағдарлама

Хакатон бағдарламасы 2024 жылдың 31 мамыр күні жарияланады

Жүлде қоры

Жеңімпаз командалар «Транстелеком» АҚ-мен пилоттық жобаны іске қосудың бірегей мүмкіндігіне ие болады


01

450 000 теңге

«Технодом» сыйлық сертификаты

02

300 000 теңге

«Технодом» сыйлық сертификаты

03

150 000 теңге

«Технодом» сыйлық сертификаты

Хакатонның тапсырмалары

  • Пойыздардың автопилоты

    Пойыздардың автопилот жүйесін әзірлеу. Теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыратын пойыздарды автоматты басқару жүйесінің тәжірибелік үлгілерін жасау және сынақтан өткізу.

    — Адамның араласуынсыз локомотивті басқару;

    — Мониторинг үшін орталыққа ақпаратты жіберу;

    — Вагондарды қондыру бойынша күрделі операцияларды орындау мүмкіндігі;

    Күтілетін әсер: Локомотив машинисінің жүктемесін жеңілдетеді

  • Чат-боттар

    Тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында чат-боттарды әзірлеу қажет. Тұтынушыларға нақты жауап беріп, қолдау көрсете алатын, қажеттіліктері мен сұранысына бейімделетін интеллектуалды чат-бот жасау. Оның ішінде:

    — Бағыттар мен билеттер бар-жоғы туралы кеңестер;

    — Қалған билеттерді жіктеме (плацкарт, купе, отыруға арналған орын), орналасуы (асты, үсті) және басқа да белгілері бойынша жіктеу;

    — Бағыттың ағымдағы жағдайы туралы (уақытылы, кешігуі);

    — Жүк саясаты туралы (тасымалдауға не рұқсат етілген және қандай мөлшерде);

    — Билет сатып алу;

    Күтілетін әсер:  барлық қажетті ақпаратты бір терезеден беретін чат-бот

  • Бағытты құру және тарифті белгілеу

    Бағыттар мен тарифтер жүйесін оңтайландыру. Сұраныс пен ұсыныстың ағымдағы деректерін ескеріп, оңтайлы бағыттар мен бейімделген тарифтік жоспарларды әзірлеу үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолданып, мәліметтерді талдау және басқару шешімдерін қамтамасыз ету:

    — Жаңа бағыт ашу;

    — Құрамын арттыру;

    — Тарифті қайта қарау;

    Күтілетін әсер: Қосымша талдау және шешім қабылдау үшін дайын құрал.

  • Сандық егіздер

    Операцияларды жеңілдету үшін сандық егіздерді жасау қажет. Виртуалды ортада әртүрлі операциялық сценарийлерді талдауға және модельдеуге мүмкіндік беретін теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның цифрлық үлгілерін әзірлеу.

    — Теміржолдарды нақты уақытта қарау;

    — Жылжымалы құрамды нақты уақытта қарау;

    — «Бір терезе» қағидаты бойынша мониторинг жүргізу;

    Күтілетін әсер: Болжалды талдау және оқиғаларға жылдам әрекет ету

  • Предиктивті аналитика

    Сәтсіздіктерді болдырмау үшін болжамды талдауды пайдалану. Теміржол көлігіндегі ықтимал ақаулар мен кідірістерді болжайтын, алдын алу шараларын алдын ала қабылдауға мүмкіндік беретін үлгілерді әзірлеу.

    — Теміржол жолдарының жағдайын талдау және жалпы бақылау тақтасында көрсету;

    — Қызметкерлерді теміржолдардағы тәуекелдер туралы хабардар ету;

    Күтілетін әсер: жолдардағы ақауларға байланысты бағыттардың кешігу санының азаюы.

  • LTE-R технологиялары

    Теміржолдағы коммуникацияларды жақсарту үшін LTE-R технологияларын біріктіру және дамыту. Теміржол көлігіндегі мобильді байланыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған LTE-R негізіндегі шешімдерді әзірлеу және енгізу, бұл нақты уақыт режимінде пойыздарды үйлестіруді және бақылауды жақсартады.

    — Пойыздан ғаламдық желіге қосылу мүмкіндігі;

    — Пойыз бен орталық арасындағы байланыс;

    Күтілетін әсер: пойыздың барлық бағыты бойынша тұрақты байланыс

  • БАҚ мониторингі

    Әртүрлі ақпарат көздерінде, соның ішінде әлеуметтік желілерде, жаңалықтар порталдарында, форумдар мен блогтарда компания туралы ескертулерді қадағалау үшін кешенді мониторинг жүйесін әзірлеу және енгізу. Жүйе компанияға қатысты ықтимал сыни-ескертулер мен жарияланымдар туралы жауапты тұлғаларды жедел хабардар етуі керек.

Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына:

0 Күн
0 Сағат
0 Минут
0 Секунд
Өтінім жіберу

Хакатон қатысушыларына қойылатын талаптар

Команда

Хакатонға 2-5 адамнан тұратын командалар қатыса алады. Топққа әзірлеушілер, дизайнерлер, жоба менеджерлері және басқа IT-мамандары мүше бола алады.

MVP және одан жоғары сатыдағы өнім

Әрбір топ таныстыра алатын және әрі қарай даму әлеуеті бар MVP (ең төменгі өміршең өнім) сатысындағы өнімді ұсынуы керек. Өтініш беру кезінде талапқа сәйкес презентация ұсыну қажет.

Презентация

Өтініш беру үшін келесі құрылымы бар презентацияны тіркеу керек:
— 1-слайд: команда атауы;
— 2-слайд: мәселенің қысқаша сипаттамасы және шешімі;
— 3-слайд: команда сипаттамасы.

Команда мүшелерінің жасы

Барлық қатысушы 18 жаста немесе одан үлкен болуы тиіс.

Команданың орналасқан жері

Географиялық шектеулер  жоқ

Хакатонға қатысу форматы

Астаналық командалар хакатонға офлайн қатысуы керек. Басқа қалалар мен елдердің командаларына онлайн қатысуға рұқсат етіледі.

Тіл

Жоба келесі тілдердің бірінде қорғалуы керек: қазақ, орыс немесе ағылшын.

Іріктеу процесі

  • 29 сәуір - 21 мамыр 

    Онлайн тіркелу

  • 21 - 29 мамыр 

    Өтініштерді іріктеу

  • 31 мамыр

    Іріктеу нәтижесін хабарлау

  • 6-7 маусым

    Хакатон

FAQ

  • Презентация форматына қандай талаптар қойылады?

    Презентацияны қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсыну қажет. Презентацияңызды PDF күйінде сақтап, Google Drive-ке жүктеп, сілтемесін бөлісуді ұсынамыз. Сілтеме дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

  • Хакатонға іріктеудің өлшемшарттары қандай?

    1. Жобалар MVP (ең төменгі өміршең өнім) немесе одан жоғары сатыда болуы керек, соның ішінде PMF (өнім нарығына сәйкестігі) және Scale (масштабтау) кезеңдері.
    2. MCI (идея) кезеңіндегі жобалар қабылданбайды.
    3. Жобаларды бағалау кезінде келесі аспектілер ескеріледі:
    — Жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше технологиялық есептерді шешу;
    — Өнімнің болуы: жұмыс істейтін өнімді көрсету қажет;
    — Жобаны Қазақстан Республикасының аумағында сынақтан өткізу және іске асыру мүмкіндігі.

  • Тәлімгерлік көмек бола ма?

    Хакатон кезінде командалар тәлімгерлермен және сала сарапшыларымен жұмыс істеу мүмкіндігін алады.

  • Қатысушылардың бірі 18 жасқа толмаған болса ше?

    Барлық қатысушының жасы 18-ден асқан болуы керек

  • Тұрғын үй және басқа да шығындар өтеле ме?

    Хакатон қатысушылары барлық шығынды өздері көтереді. Қатысушылар хакатон кезінде байқау тапсырмасын орындауға қажетті бағдарламалау құралдарының бар екеніне өз бетінше көз жеткізу тиіс. Ұйымдастырушы хакатон өтетін жердегі мүлік пен жабдықтардың сақталуына жауапты емес.

  • Тамақтандыру қарастырылған ба? 

    Иә, ұйымдастырушылар хакатонның барлық қатысушысын түскі аспен қамтамасыз етеді

  • Хакатон қай жерде және қашан өтеді?

    2024 жылғы 6-7 маусымда Astana Hub, Мәңгілік ел даңғылы, 55/8, Астана қ.

Қосымша сұрақтарыңыз туындады ма?
Үйлестірушіге хабарласыңыз:

Хабарласу
Жабу