Astana Smart City Accelerator

Қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қалалық мәселелерді
шешуге бағытталған акселерациялық бағдарлама 
Өтінім жіберу

БАҒДАРЛАМА БІРЛЕСІП ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Оқыту бағдарламасынан өт

Стартаптың дамуын жеделдету үшін акселераторға 20 команда іріктеледі.
Һ

Шешімді Астана қаласында сынақтан өткіз

6 апталық оқыту аяқталғаннан кейін Астана қаласында сынақтан өткізу үшін ең мықты 10 команда таңдалады.

Бастапқы қаржыландыру ал

Пилоттау кезеңіне өткен үздік 10 стартапқа жобаны дамыту үшін Seed Money бағдарламасы арқылы 5 000 000 теңгеге дейін бөлінеді.

Шешімді Астана қаласына енгіз

Сынақ нәтижелері бойынша әкімшілік қалада енгізілетін жобаларды анықтайды.
З
О

Қатысушы болғым келеді!

Оқыту бағдарламасының мазмұны

ТРЕКИНГ

Бас трекер стартаптың стратегиялық дамуын, басқару әдістерін анықтайды және бизнес динамикасын бақылайды. Желілік трекер стартапқа нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.

ВОРКШОПТАР

Бағдарлама қатысушылары стартаптар диагностикасына сәйкес өнімді дамыту бойынша топтық офлайн сабақтарға қатыса алады.

САРАПШЫЛАРМЕН СЕССИЯЛАР

Бизнесте табысқа жеткен саланың тәжірибелі сарапшыларына қол жеткізесіз. Олар маркетинг, қаржы, сату, MedTech, FinTech және басқа да салалардағы білімдерін ортаға салады.

НЕТВОРКИНГ ЖӘНЕ НАРЫҚҚА ШЫҒУ

Стартапыңыздың технологияларын енгізу және кері байланыс алу үшін мемлекеттік мекемелермен байланыс орнатасыз.

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Бағдарлама бір бағыты бойынша мәселені шешу

    Бағдарлама қаланың өзекті мәселелерін шешіп, шешімдерді одан әрі енгізуге арналған.

  • Жоба кезеңі

    Өнім даму кезеңі MVP (минималды өміршең өнім), PMF (өнімді тұрақты түрде сату) немесе Scale (өнімді жаңа нарықтарға сәтті масштабтау) болуы керек.

  • Қатысушы команда мәртебесі

    Бағдарламаға әртүрлі елдерден келген компаниялар қатыса алады. Бірақ олар Қазақстанда тіркелген заңды тұлғаға ие болып, тек басым қызмет түрлерінен ғана табыс табуы керек.

  • Қатысу форматы

    Бағдарлама Қазақстанның Астана қаласында офлайн форматта 3 ай бойы өткізіледі. Бағдарлама барысында жоба негізін қалаушысының тікелей қатысуы міндетті талапқа жатады.

  • Бағдарлама тілі

    Бағдарламаға қатысу үшін орыс тілін еркін білу қажет.

  • Басқа талаптар

    Бастапқы қаржыландыру алу үшін Astana Hub қатысушысы болу керек. Егер әлі қатысушы болмасаң, бағдарламаға қатысуға өтінім беріп, процесс барысында қосыла аласын.

Астана қаласы әкімдігімен пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін жіберіп алма!

2024 жылғы 7 шілдеге дейін өтінімді тапсырып үлгер

БАҒДАРЛАМАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

  • 01

    14 маусымға дейін алдын ала тіркелу

    14 маусымға дейін өтінім беріп, бағдарламаға экспресс іріктеуден өту мүмкіндігін ал.

  • 02

    Жалпы өтінімдерді тапсыру 7 шілдеге дейін

    Өтінімдер 7 шілде, 23:59 дейін қабылданады (+5 GMT, Астана уақыты).

  • 03

    Алғашқы скрининг 12 шілдеге дейін

    Алғашқы өтінімдерді іріктеу бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін сенің қатысуынсыз жүргізіледі. Осы талаптарға сәйкес келмейтін өтінім берушілер келесі кезеңге жіберілмейді.

  • 04

    CEO-мен сұхбаттар 26 шілдеге дейін

    Сарапшылармен жоба бойынша жан-жақты сұхбат.

  • 05

    Қатысушылардың жариялануы - 2 тамыз

    Бағдарлама қатысушыларының соңғы тізімі 2 тамызда барлық әлеуметтік желіде жарияланады.

  • 06

    Бағдарламаның басталуы - 26 тамыз

    Бағдарлама ресми түрде 2024 жылғы 5 тамызда басталады.

  • 07

    Қатысушыларды оқыту
    2024 жылғы тамыз - қыркүйек аралығы

    Стартаптың дамуын жеделдету үшін акселераторға қатысуға 20 команда таңдалады.

  • 08

    Жобаларды пилоттан өткізу
    2024 жылғы қыркүйект - қараша аралығы

    Пилоттау кезеңіне өткен 20 стартаптың ішінен үздік 10 стартапқа Seed Money бағдарламасы арқылы 5 000 000 теңге бөлінеді.

  • 09

    Demo Day - 2024 жылғы қараша

    Электронды өтінішті толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу

Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына: 

0 Күн
0 Сағат
0 Минут
0 Секунд
Өтінім жіберу

FAQ

  • Бағдарлама қай тілде өтеді?

    Бағдарлама орыс тілінде өтеді.

  • Бағдарлама ұзақтығы қандай?

    Бағдарлама Demo Day-ды қоса алғанда 3 айға созылады.

  • Бағдарламаға қатысу құны қандай?

    Бағдарлама қатысушылар үшін толығымен тегін өткізіледі.

  • Ұшу және тұру шығындары өтеле ме?

    Бағдарлама қатысушылары Астана қаласында тұру, трансфер және тамақтану шығындарын өздері көтереді.

     
  • Бағдарламаға қатысу үшін компания CEO-сы Астанада физикалық тұрғыда болуы керек пе?

    Иә, бағдарламаға қатысу үшін компания CEO-сы Астанада үш ай бойы тұрақтауы қажет.

  • Сенбі күнгі трекшн кездесулеріне компанияның CEO-сының қатысуы міндетті ме?

    Иә, компания CEO-сы сенбі күнгі трекшн кездесулерге қатысуға міндетті.

     
  • Егер мен экспресс іріктеуден өтпесем, қайта өтінім бере аламын ба?

     

    Иә, 7 шілдеге дейін өтінімді қайта беруге болады.

Қосымша сұрақтар туындады ма? 

Үйлестірушіге хабарлас

Бағдарлама
Жабу