Astanahub Logo

Қабылдау аяқталғанға дейін қалды:

0 Күн
0 Сағат
0 Минут
0 Секунд
Өтінім беру

Конкурстың мақсаты - ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар, ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін көтермелеу

Қ.И.Сәтбаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу сыйлығы

Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық

Ы. Алтынсарин атындағы үздік ғылыми зерттеу және педагогика саласындағы жұмысы үшін сыйлығы

Түркология саласындағы үздік жетістігі үшін Күлтегин атындағы сыйлық

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д. А. Қонаев атындағы сыйлық

Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы сыйлық

Өтінім беру

Өтінімдер "Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады

Сыйлықтар беруге арналған конкурстарға ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Сыйлықтар алуға жеке авторлардың да, саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының да жұмыстары ұсынылады. Әрбір автор немесе авторлар ұжымы конкурсқа бір жұмысты ұсынады.

Конкурстық құжаттамамен мұқият танысу қажет

Қажетті құжаттар:

Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);
3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) сыйлықақы алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
5) сыйлықақы алуға үміткердің шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
7) енгізу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықақы алуға үміткер жұмыстан босатылған кезде оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.

Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады. Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.

Байқау материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар: сілтеме (Қосымша 5)

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сілтеме бойынша өту үшін басыңыз

Байланыс

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" КЕАҚ

Байланыс номерлері: +7 727 3382449,  +7 708 6529190, +7 776 0578115, +7 700 0483736

Техникалық қолдау (ақпараттық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар бойынша): +7 777 522 0247, 1818