Жер қойнауын пайдаланушылар үшін ҒЗТКЖ және цифрландыру жобаларын қаржыландыру және іске асыру

«Инновациялық технологиялар паркі» Дербес Кластерлік Қоры арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың 1% Орташа жылдық табыс есебінен инновациялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру

 1%  Инновациялық жобалады қаржыландыру құралы дегеніміз не?

1% құралы жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ және цифрландыру жобаларын қаржыландыруға жылдық жиынтық табысының 1% инвестициялау міндеттемесі болып табылады. «Инновациялық кластер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл қаражат ИТП қатысушыларының жобаларын іске асыруға пайдаланылуы мүмкін. Бұл технологиялық жобаларға қолданыстағы заңнама шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардан перспективалы инновациялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

1% қаржыландыру тетігін пайдалана отырып жобаларды жүзеге асыру үшін astanahub.com ғылыми ұйымдардың аккредитациясын алуға және қаржыландыру үшін жобаларды таңдауға мүмкіндік береді.

«Инновациялық технологиялар паркі» Дербес Кластерлің Қорының Индустрия 4.0 дамытуындағы берер мүмкіндіктері

Сіз «ИТП» ДКҚ-ның 1% қаржыландыру құралының және индустрия 4.0 саласын дамытуға арналған парақшасындазыс. Мұнда сіз келесі ақпаратты ала аласыз:

1. Жер қойнауын пайдаланушы ҒЗТКЖ және цифрландыру үшін 1% механизмі бойынша өз міндеттемелерін қалай орындай алады;

2. осы механизм аясында компаниялар өз жобасын қалай жүзеге асыра алады;

3. қаржыландырумен жобаны іске қосу үшін қандай кезеңдерден өту керек;

4. Индустрия 4.0 жүйесінде компаниялар үшін қандай мүмкіндіктер ашылады?

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қаржыландыру процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:

Жер қойнауын пайдаланушы үшін

Кіріспе

Жер қойнауын пайдаланушы мен «ИТП» ДКҚ-ның өкілдері арасында таныстыру кездесуін өткізу

 Кездесуге өтінім қалдыру

Міндеттемелерді орындау

Жер қойнауын пайдаланушы мен «ИТП» ДКҚ-ның арасында Орташа жылдық кірістің (ЖЖТ) 1% шегінде жобаларды қаржыландыру туралы шарт жасасу.

Жобаны бастау

Жер қойнауын пайдаланушының жобаларды алдын ала таңдауы техникалық шарттарды astanahub.com веб-сайтында «Технологиялық міндеттер» бөлімінде жариялау арқылы жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін

Жер қойнауын пайдаланушының техникалық тапсырмаларын жариялауы

Егер сіз жер қойнауын пайдаланушы болсаңыз, astanahub.com порталында тіркелу арқылы технологиялық тапсырманы жариялай аласыз.

Жариялау

Сараптамаға өтінім

Алдын ала іріктеу

Жер қойнауын пайдаланушының жобаларды алдын ала таңдауы техникалық тапсырмалар ақпаратын astanahub.com веб-сайтында «Технологиялық тапсырмалар» бөлімінде жариялау арқылы жүзеге асырылады.

Сараптамаға өтінім

Алдын ала іріктеуден өткен өтініш беруші порталда жобаларға сараптама жүргізу ережесіне сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып нысанды толтырады

Сараптамадан өту

1) Техникалық кеңестің өтініш берушілердің өтінімдерін қарауы

2) Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша қаржыландыру туралы оң шешімі

Жобаны іске асыру

1) үшжақты шарт жасасу

2) жобаны іске асыру / мониторингі

3) жобаны қабылдау (актілерге қол қою)

Орындаушылар үшін

Жер қойнауын пайдаланушының жобаларды алдын ала іріктеуі astanahub.com сайттың" Технологиялық тапсырмалар" бөлімінде жарияланған технологиялық тапсырмаға жауап беру арқылы жүзеге асырылады 

Тапсырманы орындауға өтінім қалдыру

Жер қойнауын пайдаланушымен үлгілік екіжақты шарт

ҒЗТКЖ қаржыландыруға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері 1%

Жер қойнауын пайдаланушымен үлгілік екіжақты шарт

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

  • АКФ қоры дегеніміз не және ол стартаптарға қалай көмектеседі?

    Иновациялық технологиялар паркі дербес кластерлің қоры  – бұл стартаптарға және компанияларға жер қойнауын пайдаланушылардың технологиялық тапсырмаларын шешуге арналған жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін құрал. Жер қойнауын пайдаланушылар инновациялық шешімдерді қаржыландыруға міндетті, ал АКФ қоры – бұл қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін механизм.

  • Технологиялық тапсырмаларға шешім ұсыну үшін кім өтініш бере алады?

    Өтінішті тек АКФ қорының қатысушылары ғана бере алады. Егер сіз қатысушы болмасаңыз – алдымен тіркеліп, Қордың қатысушысы болуыңыз қажет. Қатысушы емес жобалар қаралмайды.

  • Шешімді қалай ұсынуға болады?

    astanahub.com сайтындағы «Технологиялық тапсырмалар» бөлімінен қызықтырған тапсырманы табыңыз. «Шешім жіберу» батырмасын басып, өтінімді толтырыңыз.

  • Шешімді ұсынғаннан кейін не істеу керек?

    Шешімді ұсынғаннан кейін жобаңызды қарау процесі басталады. Ол бірнеше кезеңнен тұрады:


    1-ші кезең: Жер қойнауын пайдаланушының шешімді таңдауы

    Барлық ұсынылған шешімдерді жер қойнауын пайдаланушы (тапсырыс беруші) қарайды және іске асыруға лайық жобаны таңдайды. Тек таңдалған жобалар келесі кезеңге – Техникалық кеңес қарауына жіберіледі.

  • Техникалық кеңес пен сараптау комиссиясының жобаларды қарауы қалай өтеді?

    2-ші кезең: Техникалық кеңеске құжаттарды дайындау

    Егер сіздің жобаңыз таңдалса, төмендегі құжаттар топтамасын дайындау қажет:

    • Сараптама өткізуге өтінім,

    • Түсіндірме жазба,

    • Жоба презентациясы,

    • Қосымша материалдар (қажет болған жағдайда).
      Бұл құжаттар АКФ қорына жіберіледі және Техникалық кеңесте қаралады.


    3-ші кезең: Жобаны сараптау комиссиясының қарауы

    Техникалық кеңестен өткеннен кейін жоба Сараптама комиссиясына жіберіледі. Комиссия жобаны келесі критерийлер бойынша бағалайды:
    ✅ Жаңашылдығы,
    ✅ Іске асыру мүмкіндігі,
    ✅ Коммерциялық әлеуеті.
    Комиссия жұмысының нәтижесі – жобаны қаржыландырудың мақсаттылығы туралы оң немесе теріс қорытынды.

  • Жоба мақұлданғаннан кейін не болады?

    Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін, сіздің жобаңыз жер қойнауын пайдаланушы арқылы АКФ қоры арқылы қаржыландырылады. Жобаны орындау үшін сіз, жер қойнауын пайдаланушы және АКФ қоры арасында келісім жасалады.

  • Өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?

    • Сараптама өткізуге өтінім,

    • Түсіндірме жазба және презентация,

    • Команданың біліктілігін растайтын құжаттар,

    • Жоба сипаттамасы, міндеттері, күтілетін нәтижелері, бюджеті, мерзімдері және т.б.,

    • Қажет болған жағдайда қосымша материалдар.

  • Сараптама комиссиясы жобаларды қалай бағалайды?

    Комиссия жобаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
    ✅ Жер қойнауын пайдаланушының тапсырмасына сәйкестігі,
    ✅ Коммерцияландыру әлеуеті,
    ✅ Жаңашылдығы,
    ✅ Іске асыру мүмкіндігі және команданың құзыреті,
    ✅ Жобаның іске асу нәтижесі.

  • Өтінімді қарау мерзімдері қандай?

    Мерзімдер Техникалық кеңес пен Сараптама комиссиясының кестесіне байланысты. 

  • Қосымша сұрақтар туындаса, қайда хабарласуға болады?

    Қосымша сұрақтар бойынша АКФ қорының сайтындағы байланыс формасы арқылы немесе бағдарлама үйлестірушілеріне хабарласуға болады.

  • Стартап үшін басты қадамдар:

    1️⃣ АКФ қорының қатысушысы болу,
    2️⃣ Технологиялық тапсырмаға өз шешімін ұсыну,
    3️⃣ Құжаттарды дайындап, Техникалық кеңеске тапсыру,
    4️⃣ Сараптама комиссиясынан өту,
    5️⃣ АКФ қоры арқылы қаржыландыру алып, жобаны іске асыру.

Сұрақтар қалды ма?

Біз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге асығамыз.

Бізбен хабарласыңыз:

1818
+77172735089

 

Жабу