Әлеуетті инновациялық компаниялардың тізілімі

Құрметті достар!
Егер сіз өз қызметіңізді инновациялармен байланыстырсаңыз және компанияға жаңалықтар енгізсеңіз, сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз!

Сауалнамаға қатысу

Инновация деген не?

Инновация – бұл әлеуетті пайдаланушылар үшін қолжетімді болған өнім (өнім, жұмыс немесе қызмет) түріндегі инновацияның жаңа немесе жетілдірілген нәтижесі немесе алдыңғы өнімдермен немесе процестермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілік пен салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ететін қолданысқа енгізілген процесс.  Сонымен, инновацияның ортақ белгісі – іске асырылуы. Жаңа немесе жетілдірілген өнім нарыққа шығарылған кезде енгізіледі. Жаңа өндірістік процестер, маркетинг әдістері немесе ұйымдастыру әдістері кәсіпорын қызметінде нақты пайдаланылған кезде енгізіледі.

Инновациялар түрлері

Өнімдік инновация

жаңа немесе қасиеттері немесе пайдалану әдістері бойынша айтарлықтай жақсартылған, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, құрамдас бөліктері мен материалдарын айтарлықтай жақсартуларды қамтитын өнімді немесе қызметті енгізу

Процесстік инновация

өнімді өндірудің немесе жеткізудің жаңа немесе айтарлықтай жетілдірілген әдісін енгізу және технологиядағы, өндірістік жабдықтағы және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етудегі елеулі өзгерістерді қамтиды

Маркетингтік инновация

тауардың дизайнында немесе қаптамасында, оны сақтауда, нарыққа жылжытуда немесе сату бағасын белгілеуде елеулі өзгерістерді қамтитын жаңа маркетинг әдісін енгізу

Ұйымдастырушылық инновация

кәсіпорындардың іскерлік тәжірибесіне, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыруға жаңа ұйымдастыру әдісін енгізу

Сауалнамаға қалай қатысуға болады?

  • Онлайн тіркеу

  • Инновация ұғымымен және түрлерімен танысу

  • Форманы толтыру

2020 жылға арналған инновациялар бойынша статистика

11,5 %

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі

777,17 млрд.теңге

Технологиялық инновацияларға жұмсалған қаражат

1 715,5 млрд. теңге

Өндірілген инновациялық өнім көлемі

2,43 %

ЖІӨ-дегі инновациялық өнімнің үлесі

Сауалнамаға қатысыңыз

Прием заявок до 23 октября 2020
Длительность программы с 26 октября по 7 декабря 2020
Сауалнамаға қатысу

Байланыс:

email: a.ashkin@qazinn.kz

тел.:   +7 701 9201333

Жабу