Халықаралық агенттер бағдарламасы

 

 

 

Өз стартапыңызды халықаралық нарықта кеңейтіңіз!

       Халықаралық агентпен байланысу       

    Халықаралық агенттер қатарына қосылу

 

 

 

 

 

 

Халықаралық агенттер стартаптарға қалай көмектесе алады?

Халықаралық агент келесі қызметтерді ұсына алады:

*Astana Hub резиденттері мен Халықаралық Агенттер арасындағы ынтымақтастық шарттары өзара келісілуі тиіс. Astana Hub стартап пен Халықаралық Агент арасында келісілген қандай да бір шарттар үшін жауап бермейді.

 

Нарықты талдау

қызығушылық танытқан елдің нарығы, оның экономикалық, кәсіпкерлік, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері жайлы ақпарат береді

Стратегиялық нетворкинг

стартаптарды басқа елдердегі әлеуетті клиенттермен және инвесторлармен байланыстыра алады

IT-қауымдастық

халықаралық IT-қоғамдастықтағы венчурлық қорлармен және акселераторлармен таныстыру

              

Тәлімгерлік

сіздің жобаңызды шетелдік нарықта дамыту бойынша
құнды кеңестер мен кеңестер береді

 

Халықаралық агентпен байланыс орнату қадамдары 

 

Халықаралық агентпен байланысыңыз 

  • Өтініш жіберу

  • Өтінішті қарастыру 
    (3-5 күн)

  • Халықаралық агентпен байланысу

  • Тәжірибеңіз жайлы пікір білдіру

Халықаралық Агент мәртебесін алыңыз

 

Халықаралық агент ретінде сіз стартаптың жетістігіне ерекше үлес қосасыз!

 

Халықаралық агент болыңыз

 

 

Халықаралық Агенттің мүмкіндіктері

Байланысты кеңейту

стартаптармен, венчурлық қорлармен, акселераторлармен, мемлекеттік мекемелермен және басқа да халықаралық агенттермен таныстыру 

Кәсіби дағдыларды шыңдау

IT және венчурлік капитал саласындағы құзыреттілікті арттыру

Жеке брендинг

әлемдік IT-қауымдастықта жеке брендті дамыту

Қосымша ресурстар

стартаптармен өзара тиімді қаржылық шарттар негізінде жұмыс істеу мүмкіндігі

Халықаралық агент болу үшін не істеу керек? 

  • Өтінім жіберу

  • Өтінімнің қарастырылуы

  • Сұхбат

  • Astana Hub-пен келісімге қол қою

  • Профильді платформада жариялау

Біліктілік талаптары

  • Жұмыс тәжірибесі

    Стартаптарды шетел нарығына шығаруға қолдау көрсету үшін тиісті жұмыс тәжірибесі

     *Халықаралық агенттің мақсатты мемлекет аумағында тұруы артықшылық береді.

  • Нетворкинг

    Шетелдік нарықта IT және венчурлық капитал саласында орнатылған іскерлік қарым-қатынас 

  • Қарым-қатынас дағдылары

    Тиімді коммуникация дағдылары және әлеуетті инвесторлармен, серіктестермен және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату қабілеті

Жиі қойылатын сұрактар

  • Халықаралық агент деген кім? 

    Халықаралық агент - Astana Hub атынан әрекет ететін, шетел нарықтарында IT-стартаптарды масштабтау үшін қолдау мен кеңес беретін сарапшы.

  • Халықаралық агенттер стартаптарға қалай көмектесе алады?

    Өз тәжірибесі мен стартап сұраныстарына сүйене отырып халықаралық агент: 

    ✓ шет мемлекет нарығы, оның экономикалық, іскерлік, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері туралы кеңес бере алады;
    ✓ стартапты халықаралық IT-қауымдастығына таныстыра алады;
    ✓ стартапты әлеуетті шетелдік инвесторлармен/ венчурлық қорлармен/серіктестермен таныстыра алады;
    ✓ стартапқа шетелдік нарықта әлеуетті клиенттерді табуға көмектесе алады;
    ✓ стартапты салық, заң және қаржы қызметтері сияқты мамандармен байланыстыра алады;
    ✓ жеке тәлімгерлік қолдау көрсете алады.

  • Халықаралық агенттен қолдау алу шарттары қандай?

    Стартап пен халықаралық агент арасындағы қарым-қатынас шарттары өзара келісілген коммерциялық келім аясында жүзеге асырылуы мүмкін. Astana Hub стартап пен халықаралық агент арасында келісілген қандай да бір шарттар үшін жауап бермейді және бағдарламаны ұстаушысы ретінде әрекет етеді.

  • Халықаралық агент бағдарламасына кім қатыса алады?

    Astana Hub резиденттері және Astana Hub бағдарламаларына қатысушылар:

    - кем дегенде MVP сатысына жеткен;
    - жұмыс істейтін өнім іжәне сатылымдары бар;
    - сыртқы нарыққа шығуды көздеген
    стартаптар халықаралық агенттерден көмек сұрай алады.

  • Бізбен байланыста болыңыз!
  • Егер қандай да бір сұрақ туындап, көмек қажет болса, ir@astanahub.com электронды поштасына хабарласыңыз.

Жабу