QOSTANAI HUB

 


Сізге не ұсына аламыз?    

01

АКТ саласындағы іс-шараларға 
арналған кеңістік     

Воркшоп, сарапшылармен кездесулер және ивенттер өткізуге арналған алаң 




02

Білім беру
бағдарламалары     

Бағдарламалауды терең меңгермей-ақ, әзірлеуді жылдам  
үйренуге арналған No code/Low code  курстары      



03

Бизнес
бағдарламалар     

Инкубациялық бағдармалар - стартаптарды бастапқы кезеңде қолдауға арналған, MVP әзірлеуге көмектеседі.
Акселерациялық бағдармалар - жетілген стартаптарды дамытуға, оларды жедел масштабтауға және жаңа нарықтарға шығуға арналған.   

04

Менторлық және
кеңес беру     

IT сарапшылармен жобаларды дамыту бойынша тұрақты сессиялар   


05

Community чатына
қолжетімділік     

Програмисттер, дизайнерлер және стартаптар үшін қарым-қатынас жасау, біліммен алмасу және жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін қауымдастық   

Білім беру бағдарламалары    

Low Code School 

IT-өнімдерді жасауға арналған тегін бағдарлама, low-code платформаларын пайдалану арқылы оқыту. Қатысушылар бағдарламалауды терең меңгермей-ақ веб және мобильді қосымшаларды әзірлеуді үйренеді, мастер-класстар мен жобалар арқылы практикалық тәжірибе алады.    

No Code School    

Сайттар, қосымшалар, чат-боттар және басқа бағдарламаларды код жазбай жасау курсы. Дәстүрлі әзірлеуге тікелей балама.    

Startup Academy  

Технологиялық кәсіпкерлік курсы. Қатысушылар әлемде қабылданған стартаптарды дамыту әдіснамаларын меңгереді, нарықты талдау, өз мақсатты аудиториясын табу және басқа да көптеген негізгі білімдермен қаруланады.    

Startup School  

IT-кәсіпкерліктің негіздері курсы стартап құруды қалайтын барлық адамдарға арналған. Ол негізгі тақырыптар бойынша базалық білім береді: іскерлік коммуникациялар, маркетинг, нарықты талдау және бизнес-моделдеу.    

Freelance School   

Upwork-те тәжірибесі бар сарапшылардан интенсивті курс, ол студенттерді жаңадан бастаушыдан Top-rated дәрежесіне жеткізеді. Қатысушылар фриланс-биржада жұмыс істеуді үйреніп, оқуды аяқтамай жатып, тапсырыс ала алады.    

Beta Career 

Бұл бағдарлама кейіннен IT-компанияларда және стартаптарда стажировка өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. 10 күндік курс барысында қатысушылар ең жақсы HR-сарапшыларымен жұмыс істей отырып, IT-компанияларда сұхбаттан сәтті өту дағдыларын дамытады.    

Tech Orda 

IT саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған бағдарлама. Бағдарлама IT мамандарын даярлау мақсатында жеке тұлғалардың оқуын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.      

Apple Training Centre 

Бағдарлама практикалық сабақтарды және сарапшылардан менторлықты қамтиды, қатысушыларға Apple платформаларында, мысалы, iOS және macOS үшін қосымшаларды жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі.    

Startup English  

Стартап саласындағы ағылшын тілінің ерекшеліктерін үйренуге мүмкіндік беретін курс.       

Flutter Flow     

Flutter Flow платформасында код жазбай мобильді қосымшалар жасау курсы. Қатысушылар әлеуметтік желілер, чаттар мен хабарландырулар бар қосымшаларды жасап, оларды жариялауға дайындауды үйренеді, интерфейсті, негізгі функцияларды және SEO мен монетизацияның негіздерін меңгереді.    

Gamedev саласындағы мамандықтар картасы

Курс IT және Game Dev саласындағы мамандардың рөлдерімен таныстырады, идеяларды әзірлеуден бастап, дизайн, бағдарламалау, тестілеу және жобаларды басқаруға дейінгі процестерді қамтиды. Курстың форматы сторителлинг негізінде: сарапшылар өз тәжірибелері мен процестерімен бөліседі.

Креативті-цифрлық индустриялар    

Креативті индустриялар: экономика, инновациялар, ақылды қалаларды дамыту, тұрақты даму мақсаттары және ESG күн тәртібі. Қалаларды креативті ететін факторларды, цифрлық технологиялардың олардың дамуына әсерін және тұрақты даму мақсаттарымен байланысын зерттеңіз.    

Бизнес бағдарламалар     

Startup Garage  

Стартаптарды қолдау бағдарламасы, кәсіпкерлерге менторлық, ресурстар мен оқытуды ұсынады. Қатысушылар өз идеяларын табысты бизнеске айналдыра алады, сарапшылар мен инвесторлар желісіне қол жеткізеді. Бағдарлама стартаптардың өсуін жеделдетуге және нарықта бейімделуге көмектесуге бағытталған.   

Scalerator  

Стартаптардың өсуін жеделдетуге бағытталған бағдарлама, менторлық, ресурстар және оқытуға қолжетімділік береді. Қатысушылар өз идеяларын дамытып, бизнес-модельдерін жақсартып, инвестиция табуға мүмкіндік алады. Олар сарапшылар мен табысты кәсіпкерлердің қолдауын алады.      

Silkway Accelerator    

Astana Hub және Google for Startups бағдарламасы. Орталық Азия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузиядан келген стартаптарға арналған трекшнға бағытталған прорывтық акселерация бағдарламасы.  

Hero Training     

Стартаптар мен кәсіпкерлердің дағдыларын дамытуға арналған бағдарлама. Қатысушылар бизнес-модельдерін және стратегияларын жетілдіруге көмектесетін менторлық, практикалық сабақтар және ресурстарға қол жеткізеді.      

AI'preneurs    

Жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға бағытталған бағдарлама. Ол AI-шешімдер жасауды және дамытуды мақсат ететін кәсіпкерлерге оқыту, менторлық және қолдау ұсынады.      

AlchemistX Accelerator     

Бұл B2B саласындағы стартаптарға арналған бағдарлама, олардың өсуін жеделдетуге менторлық пен халықаралық желілерге қол жеткізу арқылы көмектеседі. Қатысушыларға даму кезеңдерінің барлығында қолдау көрсетіліп, оларды жаһандық нарыққа шығаруға мүмкіндік беріледі.      

Өңірлік менеджері

Дамир Мнайдаров

Qostanai IT Hub-тың өңірлік менеджері

Telegram чат   Instagram парақша

Жабу