Astanahub Logo

Өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін қалды:

0 Күн
0 Сағат
0 Минут
0 Секунд
Өтінім беру

Конкурстың мақсаты – мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді, сондай-ақ дарынды жас ғалымдарды ғылыми мәселелерді шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсенді қатысатын және ғылыми жұртшылық мойындаған ғалымдарды ынталандыру

Іріктеу процедурасы

Жаратылыстану ғылымдары

Техникалық ғылымдар

Медицина және денсаулық сақтау

Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары

Әлеуметтік ғылымдар

Гуманитарлық және өнер ғылымдары

Әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік

Қажетті құжаттар:

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың соңғы бес жылдағы (конкурс жарияланған жылды есепке алмағанда) ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы; 
4) енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда);
5) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылықты растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)
6) Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлауды растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
7) халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия ізденушілер үшін ғана);
8) қолданыстағы жиырма сандық карталық шоты туралы хабарлама. 

Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады. Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.

Байқау материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар: сілтеме(Қосымша 6)

Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттары және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттары: сілтеме 

Ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сілтеме бойынша "Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар" бөлімінде орналастырылған

Байланыс

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" КЕАҚ

Байланыс номерлері: +7 727 3382449,  +7 700 0483736, +7 705 7312999, +7 707 1280034

Техникалық қолдау (ақпараттық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар бойынша): +7 777 522 0247, 1818