Silkway Accelerator

Google for Startups серіктестігімен Орталық Азиядағы жетекші акселерациялық бағдарлама

Өтініш беру

5

ағын

62

түлегі

$500M+

компаниялардың бағалануы

$28M+

инвестициялар тартылды

Бағдарлама туралы

Silkway Accelerator — Орталық Азиядағы технологиялық стартаптарға арналған үздік акселерациялық бағдарлама. 12 апталық қарқынды кезеңде негізін қалаушылар өнімге толықтай назар аударады, гипотезаларды тез тексереді және серпінді нәтижелерге қол жеткізеді.

Қатысушылар халықаралық менторлар, сарапшылар мен инвесторлар желісіне қосылып, жаһандық қауымдастықтың бір бөлігіне айналады.

Кімдер қатыса алады?

1
Даму кезеңі
PMF (нарық пен өнім сәйкестігі) немесе Scale — стартаптың нақты қажеттілікті дәлелдейтін және тұрақты клиенттік базасы болуы тиіс.
2
Жоба түрі
Кез келген саладағы технологиялық стартаптар (sector-agnostic).
Міндетті талап — жұмыс істейтін өнімнің болуы.
3
Өсуге дайындық
Стартаптар масштабтауға және жоғары қарқынмен даму қадамдарын тексеруге дайын болуы тиіс. Команда толықтай 12 апта бойы (шілде-қыркүйек) бизнеске арналып, Астана қаласында оффлайн жұмыс істеуі қажет.
4
Қатысу құны
Бағдарламаға қатысу үшін $20,000 көлеміндегі MFN шарты бар лимитсіз (uncapped) SAFE келісімін жасау немесе осы сомаға тең ақшалай төлем жасау қажет. Бұл сома бағдарлама құны ретінде қарастырылады және акселератор басталғанда төленеді. SAFE келісімін жасау үшін стартап AIFC, АҚШ немесе Сингапурда тіркелген болуы тиіс.

Бағдарламаның мүмкіндіктері

Интенсивті трекинг

12 апта ішінде сіз бір жылда қол жеткізетін нәтижеге жетесіз. Трекерлермен тығыз жұмыс жасап, гипотезаларды сынап, өсу қарқынын арттырасыз.

Тегін кеңсе және коливинг

Басқа қала немесе елден келген командалар үшін 2 қатысушыға арналған кеңсе мен тұру орны Астанада қамтамасыз етіледі — бар назар тек өсуге.

Google Cloud артықшылықтары

Қатысушылар $100,000 дейінгі Google Cloud кредиттерін, техникалық қолдауды, Workspace, оқыту курстарын және жеке Startup Success менеджерін ала алады.

Astana Hub қолдауы

PR, жабық іс-шаралар, форумдар мен бағдарламаларға басымдылық, сондай-ақ түлектерге бағдарлама аяқталғаннан кейінгі қолдау.

AHV-ден инвестициялар

Бағдарламаның соңына үздік командалар Astana Hub Ventures шорт-листі бойынша іріктеліп, $100 000–$500 000 көлемінде инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады.

Digital Bridge 2025 форумында финалдық питч

Digital Bridge алаңындағы Demo Day — инвесторлармен, корпорациялармен және экожүйе лидерлерімен байланыс орнатып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Silkway Accelerator туралы медиада

5-легі MRR-ді $1 млн-ға дейін өсірді

Digital Business нәтижелерімен бөлісті.

Мақаланы оқу →

Silkway 2024 финалистері

Kapital.kz іріктелген стартаптар туралы жазды.

Мақаланы оқу →

Халықаралық акселераторға қалай түсуге болады?

The Tech Silkway қатысушыларының тәжірибесін сипаттайды.

Мақаланы оқу →

Silkway қатысушылары $8,1 млн инвестиция тартты

The Tech нәтижелерді қорытындылайды.

Мақаланы оқу →

Citix стартапының Silkway жолы

Digital Business – үздік бітіруші туралы.

Мақаланы оқу →

ZYPL.AI Silkway-дан кейін $3 млн тартты

Astana Hub-тың ресми мақаласы.

Мақаланы оқу →

Silkway Accelerator бағдарламасының кезеңдері

Өтінім беру

Бұл кезеңде стартаптардан өтінімдер қабылданып, бағаланады. Командамыз жедел әрі сапалы скрининг жүргізіп, акселерацияға дайын, әлеуетті командаларды іріктейді. Барлық хабарламалар өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жіберіледі.

  • Өтінім қабылдау: 2 маусымға дейін. Стартап өтінімде өнім, команда және трекшн туралы ақпаратты ұсынуы қажет.
  • Скрининг: негізгі талаптарға сәйкестігін жедел тексеру. Біз өнімнің дамуы, команда және нарық әлеуетін бағалаймыз.
  • Диагностика: скринингтен өткен командалар тереңдетілген онлайн-сұхбатқа шақырылады.
  • Нәтижелерді хабарлау: 13 маусым. Барлық шешімдер пошта арқылы жіберіледі.

Әлі өтініш берген жоқсыз ба?

Дедлайн жақындап қалды — Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Өтініш беру

Байланыс

Бағдарламаға қатысты сұрақтарыңыз бар ма?
Telegram чатына қосылыңыз және үйлестірушілерден тікелей сұраңыз.

Telegram чатына қосылу

📍 Мекенжай:
Мәңгілік Ел 55/8, Есіл ауданы, 010000, Астана, Қазақстан

✉ Email:
programs@astanahub.com

📱 Instagram:
@astanahub_for_startups

Өтінім беру мерзімі

2025 жылғы 2 маусым, сағат 09:00

0
күн
0
сағат
0
минут
0
секунд

Жиі қойылатын сұрақтар

Кімдер өтінім бере алады?

PMF немесе Scale кезеңіндегі дайын өнімдері бар технологиялық стартаптар өтінім бере алады. Бағдарлама Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдерінен келген командаларға ашық.

Бағдарлама кезінде Астанада болу міндетті ме?

Иә. Бағдарлама офлайн форматта өтеді, сондықтан қатысушылар 12 апта бойы Астанада болуы тиіс.

Қатысу қанша тұрады?

Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу құны $20,000. Бұл соманы келесі екі жолмен жабуға болады:

  • 1) $20,000 көлемінде SAFE келісіміне қол қою,
  • 2) осы соманы тікелей ақшамен төлеу.

SAFE (Simple Agreement for Future Equity) — бұл болашақта үлеске айырбасталатын, бағаланбаған келісім (uncapped), MFN (Most Favored Nation) шартымен.

SAFE келісіміне қол қою үшін компания ағылшын құқығы қолданылатын юрисдикцияда — AIFC (Қазақстан), АҚШ немесе Сингапурда тіркелуі тиіс.

Бағдарлама не қамтиды?

Треккинг, менторлық, тегін кеңсе мен коливинг, серіктестік, нетворкинг, PR, Demo Day және инвестициялық қолдау.

Егер біз енді ғана масштабталуды бастасақ, қатыса аламыз ба?

Иә. Егер сізде жұмыс істейтін өнім мен тұрақты клиенттік база болса, сіз бағдарламаға сай келесіз.

Біз басқа елденбіз – өтінім бере аламыз ба?

Иә, бағдарлама Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Моңғолия стартаптары үшін ашық.

SAFE дегеніміз не және оны не үшін қол қою керек?

SAFE (Simple Agreement for Future Equity) — бұл стартап компанияның үлесін бірден емес, болашақта инвестиция тартылған кезде беру туралы қарапайым келісім.

Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу $20,000 көлемінде бағаланады. Бұл соманы SAFE арқылы енгізуге болады — яғни, ақшалай төлемнің орнына инвестициялық келісімге қол қойылады. Бұл сома менторлық, трекинг, инфрақұрылым және толық қолдауды қамтиды.

Мысал:
Егер стартап кейін $4,000,000 бағалауымен инвестиция тартса, $20,000 SAFE шамамен 0.5% үлеске айналады.

Astana Hub Ventures венчурлік қоры ретінде бағдарлама барысында нақты нәтижелер мен прогресс көрсеткен стартаптарға қосымша инвестиция салу мүмкіндігін әрдайым қарастырады. Сондықтан, жетістікке жетсеңіз — бұл тек алғашқы қадам.

Өтінім берудің соңғы мерзімі қашан?

Соңғы мерзім — 2025 жылғы 2 маусым (9:00). Сапалы іріктеуден өту үшін ертерек өтінім беруді ұсынамыз.

Жабу