Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесі молшылық пен тоқшылықтың, жаңару мен жаңғырудың нышаны болып табылады. Әр шаңырақта көрші-көлемге және ағайын туыс бауырға дастархан молынан жайылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен бір-бірін іздеген бауырлар ағылып келеді. Адамдардың бір-бірін кешіріп, өкпе-наздың орнына мейірім пен кешірім, қамқорлық пен махаббатың нұрын шашады. Осындай көктемнің жарқыраған күнінде әр адам тек табиғаттың ғана емес, адамның да жылулығын сезе бастайтын керемет мезгіл. Күн мен түн теңескесін, адамда өз санасының өзгеріп, өмірге деген құндылықтарын қайта қарап саралайтын кезең. Мінекей, елімізде қазан асылып, наурыз-көже пісірілуде. Наурыз-көженің өзі де бірнеше тағамдардан құралады. Олда бір бірліктің белгісі. Қорыта келе, Наурыз бірлік пен тірліктің нышаны дегім келеді. Наурызда ақ мол болып, өрісіміз кең болсын! Қазіргі заман малы ол IT, сондықтан Астана хаб жасасын!!!

Комментарии 1

Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий

Спасибо!

Ответить