«Б8» халықаралық бейнеойын акселераторының жеңімпаздары анықталды
«Б8» акселерациялық бағдарламасының 13-ші легі Қазақстан мен Якутиядан шыққан дарынды және болашағы зор геймдев өкілдерінің басын қосты. Жобаны Astana Hub, Саха Республикасының (Якутия) Инновациялық даму қоры, «Якутск» ИТ Паркі мен Omnium білім беру орталығы ұйымдастырды.