Open Banking саласындағы үздік жобаларға арналған байқау
Конкурс Astana Hub және цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы Visa компаниясымен әріптестікте ұйымдастырылып жатыр. Жеңімпаздар Bank RBK инфрақұрылымына қол жеткізу және ақшалай сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстанда қаржылық IT-қызметтердің қарқынды дамуы осы сервистердің ыңғайлы және тұрақты жұмыс істеуі үшін сапалы инфрақұрылым құруды талап етеді. Осыған байланысты Bank RBK бірнеше жыл бойы Bank as a Service (Baas) тұжырымдамасын жүзеге асырып келеді. Мұнда төлемдерді және басқа да қаржылық операцияларды жүргізу үшін финтех-жеткізушілер платформаларын банк жүйелерімен біріктіру көзделген. Bank RBK іске қосылғаннан бері 6 жобаны сәтті жүзеге асырды, Visa-ның «beyond Boundaries-Baas Innovator» жүлдесімен бірнеше мәрте марапатталды.
«Bank RBK өнімдеріне заманауи цифрлық технологияларды енгізу – уақыттың беріктігі мен сынағы ғана емес, банктің клиенттеріне неғұрлым ыңғайлы әрі жылдам сервистерді ұсынып, оларға жақындай түсуі үшін тамаша мүмкіндік», – деді Наталья Акентьева, Bank RBK басқарма төрағасы. – Біздің банк цифрлық стартаптармен ынтымақтастықты үнемі қолдайды, солай жалғаса береді де. Бұл конкурсты ұйымдастырып, жаңа әрі болашағы зор жобаларды дамытуға мүмкіндік бергіміз келеді. Astana Hub және Visa атынан әріптестерімізге, сондай-ақ ұлттық төлем корпорациясына алғыс білдіріп, финтех-сала өкілдерін конкурсқа қатысуға шақырамыз».
Конкурсқа қатысу үшін мына сайтқа өтіп, өтінім беру қажет. Мұнда егжей-тегжей шарттармен танысуға болады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қазылар алқасы Bank RBK-мен ынтымақтастық туралы шарт жасасатын 3 жеңімпазды анықтайды. Олар Visa-дан ақшалай сыйлықтар алады, 1-орынға 5 миллион теңге, 2-орынға 3 миллион теңге, 3-орынға 1 миллион теңге қарастырылған.
«Бүгінде ҚР Ұлттық Банкінің бастамасымен құрылған және Open API технологиясын қолдануға негізделген Open Banking жобасы қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар ЕДБ мен қызмет көрсетушілердің ынтымақтастығы нәтижесінде жаңа қаржы өнімдерінің, бизнес-модельдердің пайда болуына ықпал етуде. Bank RBK Open Banking, BaaS-ты дамытуға атсалысып, ҚР нарығында жаңадан құрылған финтех-стартаптарға қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз», – деді Жанар Самаева, Ұлттық төлем корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары.
«Visa төлем нарығында жұмысын бастағаннан бері 65 жылдан астам уақыт өтті. Шын мәнінде, компаниямыз әлемдегі алғашқы финтех-стартап болды. Қазір бізге жас финтех-компанияларды, оның ішінде Қазақстандағы жобаларды қолдау аса маңызды. Серіктесіміз RBK Bank-ке қазақстандық стартаптарға жалпы сомасы 10 млн теңгеге грант қана емес, банктің бірегей сервистеріне тегін қолжеткізу мүмкіндігін сыйлайтын конкурс үшін алғыс айтқымыз келеді. Бастама аясында стартаперлер инвесторлардан жаңа білім мен құнды ілім алатынына сенімдімін», – деді Санжар Сүлейманов, аға директор, Украина, Грузия, ТМД елдері мен Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Visa Direct бағытының басшысы.
Өз кезегінде Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев Орталық Азиядағы ірі халықаралық технопаркке тіркелген финтех-компаниялар қатысатын конкурстың өткізілуіне қолдау білдірді. «Бұл байқау нарықтағы озық қаржылық технологиялардың дамуына ықпал етіп, клиенттердің игілігі үшін финтех-қызметтерді жеткізушілер мен банктердің ынтымақтастығында заманауи шешімдерді енгізуге серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.
Байқау 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Жеңімпаздар 25 қыркүйекте Astana Hub алаңында белгілі болады.
Лицензия № 1.2.100/245/41, ARRFR 05.04.2021 берілді.
Дереккөз: bankrbk.kz.
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Nursultan Kabenov · Қыр. 17, 2024 16:15
👍
Ans s · Там. 20, 2024 14:32
🔥