Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар!

Наполеон Хиллдің жарыққа 1937 жылы шыққан «Ойлан да, бай бол» атты кітабы әлі күнге дейін әлемдегі аса танымал  және көпшіліктің қолынан түспейтін кітаптардың біріне айналған. Сондықтан біз осы кітаптың үзінділерімен бірінші болып оқырмандармызбен бөлісуді жөн көрдік. 👇

1. Бастысы – ол идея

Табыстың барша тарихы идеядан басталатыны анық. Бұл жерде сөз үлкен әріптермен жазылатын, басыңызға мықтап «қонып алғаны» соншалық – сіз басқа еш нәрсе жайында ойлай алмайтын ИДЕЯ туралы болып тұр. Ондай идеяңыз бар ма? Мысалы, Томас Эдисонның электр шамын жасау жөніндегі арманы он мың сәтсіз экспериментінен кейін ғана орындалған. Ағайынды Райттардың ауада жүретін құрал ойлап таппақ болған арманының арқасында бүгінде біз әлемнің кез келген жеріне бара аламыз. Гульельмо Марконидің бойын көзге көрінбейтін күштердің көмегімен ауа арқылы сигналдар беру идеясы жайлап алғанда, сол үшін тіпті психиатриялық ауруханаға жатқызылғанына қарамастан, ол радио ойлап табу үшін ізденуден танбады, сөйтіп, ақырында, мақсатына жетті.

2. Қанша ақша сомасын және оны қандай мерзім ішінде тапқыңыз келетінін айқындап алыңыз

Иеленгіңіз келетін ақша сомасын айқын белгілеп алыңыз. Жай ғана еш дерексіз «көп ақшаға» ие болуды қалауға болмайды. Белгілі бір соманы санаңызда айқындап алу психологиялық тұрғыдан маңызды. Анық бір сомаға тоқтаған соң, осындай ақша сомасының шотыңызға түскенін қалайтын мерзімді белгілеңіз. Көзіңізді жұмып, қанша ақшаға ие болғыңыз келетінін ғана емес, олармен не істейтініңізді (мысалы, өндірісіңізді дамытуға жұмсайсыз, қызметкерлердің жалақысын төлейсіз, жылжымайтын мүлік сатып аласыз және басқадай мақсаттарыңызды) көз алдыңызға елестетіңіз. Келешекте ие болатын қаражатыңызды қалай барынша тиімді пайдалана алатыныңыз туралы ойлаңыз.

3. Табанды болыңыз

Табандылық – табысқа жеткен барлық адамдарға тән, оларды біріктіретін басты қасиет. Генри Форд V-8 маркасымен барлық 8 цилиндрі бір блокқа салынатын автомобиль шығармақ болғанда, инженерлер оған мұның мүмкін емес екенін айтқан. Оларға Форд: «Қанша уақыт кетсе де, нәтижеге қол жеткенше жұмыс істеңдер», – деп жауап береді. Инженерлер бір жыл жұмыс істеді – нәтиже болмады. Форд жұмысты жалғастыра беруді талап етті: нәтижесінде бірнеше айдан кейін мәселенің шешімі табылды. Егер ол табандылық танытпағанда, мүмкін, бұл оның автомобиль шығарудағы мансабына нүкте қояр еді.

4. Біліміңізді дұрыс пайдаланыңыз

Білім – ол күш. Бірақ ол өздігінен сізді байлыққа кенелтпейді – әйтпесе барлық оқытушылар мен профессорлар түгел миллионер болып кетер еді ғой. Томас Эдисон мектепте бар-жоғы үш ай оқыған, бірақ онысы оның әйгілі өнертапқыш болып, қомақты қаржы жинауына кедергі келтірмеді. Генри Форд мектептің 6 класын ғана тамамдаған, алайда нақты білім алмағанмен, ол табысты кәсіпкер болды. Сіз маңызды екі нәрсені: қажет білімді қай жерде алуды және оны қалай пайдалануды білуге тиіссіз.

5. Жаныңыз қалайтын істі таңдаңыз

Әрине, мұнай алпауытына айналу туралы армандауға болады, бірақ мұнай бизнесін жаныңыз қаламаса, ол салада табысқа жетуіңіз неғайбіл. Істеген ісіңізде «жанып тұрсаңыз» ғана бар күш-жігеріңізді салып жұмыс істейтін боласыз. Өзіңізді қызметтің қай саласы қызықтырып, тартатыны туралы ойлаңыз.

Шолудын толық нұскасын сайтымыздан және де Credo қосымшамыздан оқи аласыз.

Comments 0

Login to leave a comment