Қазақстандық стартапшы әйелдер IT-өнімдерін шетелге сәтті экспорттап жатыр
Astana Hub-та халықаралық нарықты бағындырып жатқан арулар саны артып келеді. Бүгінгі таңда технопаркте тіркелген компаниялардың 250-ге жуығын әйелдер басқарады, соның ішінде 25 пайызы өз қызметтерін шетелге шығарып үлгерді.