Инклюзивті Hearo стартабы Pizza Pitch 2025 жеңімпазы атанды
Astana Hub-та Pizza Pitch байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқауға 65 өтінім қабылданып, онлайн-диагностика нәтижесінде әлеуеті жоғары жобалар іріктелді. Финалға өткен 10 команда өз IT-жобаларын инвесторлар, сарапшылар мен кәсіби қауымдастық өкілдеріне таныстырды.