Pitch Day-дің үшінші легінде 14 стартап таныстырылды

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде Астана әкімдігі технопаркпен бірлесіп ұйымдастырған Pitch Day үшінші легі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын жеңілдететін, жақсартатын, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның дамуына әсер ететін IT-шешімдерді іздеу және іріктеу.


"Қазіргі уақытта заманауи технологиялармен айналысу біздің міндетіміз. Сондықтан Астананың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Мен сіздерді осында көргеніме өте қуаныштымын", - деді қазылар алқасының мүшесі, "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Ғани Тәжиев.

Елорда әкімдігімен бірге пилотты іске қосу және қаланың дамуына өз үлесін қосуға түрлі кезеңдегі – идеядан бастап, дайын шешім деңгейіндегі 14 стартап тілек білдірді. Мысалы, UniPark.kz көлік платформасын құруға арналған қосымша кез келген логистикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Tasu.kz – бұл қарапайым халыққа жүк тасымалынан ақша табуға және олардың қызмет аясын жақсартуға көмектесетін қосымша. "Трал Патруль" роботтарын әзірлеуге байланысты жоба SMP ROBOTICS өнеркәсіптік кәсіпорындар мен зауыттардың, қойма бөлмелерінің жабық аумақтарын қорғауға арналған.

"Виртуалды шындық тарихқа толығымен енуге мүмкіндік береді. Мысалы, соңғы хан Кенесарының сарбазы болып, көтеріліске қатысу немесе әйгілі Ақмола пряниктерінің фабрикасына бару. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты болатын виртуалды әлемде осындай тарихи фактілерді қайта жасай аламыз", - деп таныстырды Big Dream Lab стартапы Әйгерім Мұқашева.

Қатысушылар әкімдіктен қандай қолдау күтетінін айтты. "Әкімдіктен біз қоғамдық және қалалық аймақтарды патрульдеуге тапсырыс алуға, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ұлттық мониторинг жүйесіне қатысуға көмектесуін сұраймыз», - деп атап өтті SMP ROBOTICS стартапының тұсаукесері кезінде Сәкен Бәкімов .

Сондай-ақ Pitch Day аясында тағы мынадай стартаптар таныстырылды: Parqour - нөмірді тану технологиясы негізінде ақылы тұрақтарды автоматтандыруға арналған қосымша; Fair bazaar - тұтынушыларға фермерлік өнімді тікелей сатып алуға барлық жағдай жасайтын қосымша; Livin - тұрғын үйді монетизациялауға арналған қосымша барынша қарапайым және ыңғайлы тәсілмен; Вig Dream Lab - мәдениет және туризм саласындағы толықтырылған шындық технологиялары; OZEN - цифрландыру арқылы ШОБ-ты қолжетімді қаржыландыру; Optoulus Quard - талшықты-оптикалық технологияларға негізделген қауіпсіздік және қорғау жүйелері; CIR-ERP - бизнесті жеке цифрландыруға арналған қосымша; Marketing Hub - шағын және орта бизнеске көмектесетін цифрлық маркетингтік платформа; FUNDO - әртүрлі бизнес-процестердің орындалуын автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық - талдамалық панель; IP-Lift - тұрғын үй кешендеріндегі лифт шаруашылығын және шлагбаумдарды автоматтандыруға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен; iMAS - ақпараттық ағындарды мониторингілеу және талдау жүйесі.

Стартаптардың әлеуетін бағалаған қазылар алқасының құрамы: Мейрамбек Әшірбеков – Астана әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы; Ерсұлтан Ерманов– ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры; Сәкен Нұртазаев - ҚР ЦДИАӨМ өңірлермен өзара іс-қимыл департаментінің директоры; Ғани Тажиев - "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы; Нұрсұлтан Қалдыбаев - "Astana Innovations"АҚ басқарма төрағасы бағалады.

Pitch Day қорытындысы бойынша қазылар алқасының өкілдері таныстырылған жобаларға әкімдік тарапынан қолдау болатынын мәлімдеді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін