Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 23 қыркүйектен бастап AI MONTH 2026 — жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ауқымды шаралар бағдарламасы бастау алады. Ол бүкіл ел бойынша технологиялық қоғамдастықтың, бизнестің, білім беру саласының, стартаптардың, халықаралық сарапшылардың және өңірлік бастамалардың басын қосады.
AI MONTH-тың басты оқиғасы 1–3 қазанда Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы болмақ.
2026 жылы AI Week форматы AI MONTH деңгейіне дейін кеңейді: жасанды интеллект саласындағы бастамалардың саны айтарлықтай артып, технологиялық күн тәртібі әртүрлі салаларды, кең аудиторияны және елдің өңірлерін қамтып отыр. Жаңа формат барлық бастаманы бірыңғай бағдарламаға біріктіріп, Қазақстанның AI-экожүйесінің дамуын ұлттық ауқымда таныстыруға мүмкіндік береді.
23 қыркүйекте AI MONTH бағдарламасын AI-шешімдерді әзірлеу бойынша әлемдегі ең ірі хакатондардың бірі — HackAlem AI powered by OpenAI ашады. Үш адамға дейінгі командалар Codex және OpenAI API міндетті түрде қолдана отырып, Қазақстан экономикасының 10 негізгі саласы үшін агенттік AI-шешімдерді әзірлейді.
HackAlem AI хакатонының жүлделері мен технологиялық ресурстарының жалпы көлемі $1,1 млн құрайды. Бұл сомаға ақшалай жүлде қоры, API-токендер және қатысушылар өздерінің AI-шешімдерін әзірлеу мен іске қосу үшін пайдалана алатын OpenAI технологиялық ресурстары кіреді.
HackAlem AI жеңімпаздары AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумының басты сахнасында марапатталады. Хакатон әзірлеушілердің, студенттердің, жас мамандардың, стартаптар мен IT-әуесқойлардың басын қосып, қатысушыларға қысқа мерзім ішінде идеядан бастап дайын AI-шешімге дейінгі жолдан өтуге мүмкіндік береді.
29–30 қыркүйекте Астанада Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша ең ірі халықаралық KazHackStan конференциясы өтеді. 100-ден астам өңірлік және халықаралық спикер DevSecOps, OSINT, деректерді қорғау, зиянды бағдарламалық жасақтаманы талдау мәселелерін, сондай-ақ жасанды интеллекттің дамуына байланысты жаңа киберқатерлерді талқылайды.
Осы күндері Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығына арналған C5+1 халықаралық алаңы өтеді. Мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және технологиялық қоғамдастық өкілдері AI-ді реттеуді, инфрақұрылымды дамытуды, кадрлар даярлауды және халықаралық технологиялық серіктестікті нығайтуды талқылайды.
Инвестициялық күн тәртібін Еуразиядағы LP және VC-инвесторларға арналған алғашқы саммит — LP Summit жалғастырады. Ол венчурлық экожүйені дамытуды және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді талқылау үшін институционалдық инвесторлардың, венчурлық және мемлекеттік қорлардың, корпорациялар мен family office-тердің басын қосады.
AI MONTH бағдарламасының жеке бір бағыты денсаулық сақтау саласындағы технологияларға арналады. AI and MedTech Day аясында сарапшылар, дәрігерлер, әзірлеушілер мен стартаптар жасанды интеллектті диагностикада және денсаулық сақтау жүйесін басқаруда қолдану мәселелерін талқылап, жаңа MedTech-шешімдерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Аса тартымды технологиялық шаралардың бірі Unitree гуманоидты робототехникасы бойынша өтетін хакатон болмақ. Қатысушы командалар ұйымдастырушылар ұсынған шынайы Unitree G1 гуманоид роботтарын бағдарламалап, виртуалды үлгілеуді қолданбай-ақ нақты практикалық міндеттерді орындайды.
Технологиялар дәстүрлі IT шеңберінен де шығады. 1–3 қазан аралығында Astana AI Film Festival — жасанды интеллект кино өндірісінің толыққанды құралына айналған кинодағы жаңа бағытқа арналған халықаралық фестиваль өтеді. Бағдарламада AI қолдану арқылы түсірілген фильмдер, көпшілікке арналған көрсетілімдер, кәсіби пікірталастар және технологиялардың режиссураны, визуалды стильді, оқиға желісін баяндауды, кейіпкерлерді сомдауды, арнайы тәсілдер мен дыбыстауды қалай өзгертетіні туралы воркшоптар бар.
Бағдарлама сонымен қатар робототехника бойынша FIRST Tech Challenge және FIRST LEGO League халықаралық жарыстарын, UNICEF ұйымдастыратын AI-дың балалар мен жастардың болашағына тигізер әсері туралы стратегиялық форсайт-сессияны, бизнеске арналған технологиялық шаралар мен басқа да арнайы форматтарды қамтиды.
Еуразияның басты технологиялық форумы әрі IT әлеміндегі маңызды оқиғалардың бірі — AI & Digital Bridge 2026
Форум жетекші технологиялық компаниялардың басшыларын, жаһандық бизнес негізін қалаушыларды, ғалымдарды, инвесторларды, кәсіпкерлерді, стартаптар мен халықаралық ұйым өкілдерін біріктіреді. Бағдарламаның басты назарында — жасанды интеллект, технологиялық кәсіпкерлік, инвестициялар, адам капиталын дамыту және цифрлық экономиканың жаңа мүмкіндіктері.
2–3 қазанда өтетін ашық бағдарламаға билеттерді форумның https://digitalbridge.ai/ru/ ресми сайтынан алуға болады.
1 қазанда мемлекет басшыларының, халықаралық делегациялардың және технологиялық индустрия көшбасшыларының қатысуымен жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама өтеді. Бұл күннің іс-шараларына қатысу арнайы шақыру қағазы бойынша қарастырылған.
2 және 3 қазанда форум қатысушыларына арналған AI & Digital Bridge 2026 ашық бағдарламасы өтеді. Бір алаңда жаһандық технологиялық компаниялардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, кәсіпкерлер, стартаптар мен инвесторлар бас қосады.
AI & Digital Bridge 2026 форумына қатысуын растағандардың қатарында NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян, Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан, Sinovation Ventures және 01.AI негізін қалаушы Кай-Фу Ли, E-Space негізін қалаушы әрі CEO-сы Грег Уайлер, General Atlantic төрағасы әрі CEO-сы Уильям Форд, Dream тең құрылтайшысы әрі президенті Себастьян Курц, Oxford Insights тең құрылтайшысы әрі бас директоры Ричард Стирлинг, Financial Times тілшісі Элеанор Олкотт, Higgsfield AI тең құрылтайшысы әрі техникалық директоры Ерзат Дулат, Crimson Education негізін қалаушы Джейми Битон, MA7 Ventures негізін қалаушы Мұрат Абдрахманов, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Choco Holding тең құрылтайшысы Рамиль Мухоряпов және халықаралық технологиялық әрі кәсіпкерлік экожүйенің басқа да өкілдері бар.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық диалогтың негізгі алаңына айналып, Қазақстанның озық технологиялар, білікті мамандар, кәсіпкерлер мен инвестициялар тоғысқан еуразиялық AI-хаб ретіндегі әлеуетін танытады.
AI MONTH тек Астанадағы іс-шаралармен шектелмейді. Бір ай бойы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы шаралар бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік технологиялық хабтарда өтеді.
Бағдарламаға воркшоптар, буткемптер, хакатондар, мансаптық кездесулер, питч-сессиялар мен стартап-батлдар кіреді. Шараларға мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар, әзірлеушілер, кәсіпкерлер, стартап-командалар және жасанды интеллектті меңгеруге әрі практикада қолдануға ынталы мамандар қатыса алады.
Өңірлік бағдарлама төрткүл дүниеден келген қатысушыларды технологиялық күн тәртібіне баулуға, жаңа дағдыларды меңгеруге, дербес шешімдерді әзірлеуге және келешегі бар жобаларды кәсіби ортаға таныстыруға мүмкіндік береді.
Өңірлік іс-шаралардың өзекті мерзімдері, өтетін орындары мен тіркелу шарттары Astana Hub платформасында ұсынылған.
Айлық бағдарламаны Astana Hub — технологиялық кәсіпкерлік пен Қазақстанның IT-саласын дамытуға арналған IT-стартаптардың халықаралық технопаркі ұйымдастырған alem.ai Battle AI-додасының Grand Final шарасы аяқтайды.
Финалда Қазақстан мен Орталық Азияның ең үздік командалары мен жас таланттары кездеседі. Қатысушылар өз әзірлемелерін төрт категория бойынша таныстырады, ал финал жасанды интеллект саласындағы келешегі зор шешімдерді ұсыну алаңына айналады.
Осылайша, AI MONTH білім беру, таланттарды шыңдау және AI-өнімдерін әзірлеуден бастап, технологиялық бизнесті өрістету, инвестиция тарту мен халықаралық әріптестікке дейінгі жасанды интеллектті дамытудың барлық кезеңін бір арнаға тоғыстырады.
Бірайлық формат елде жүріп жатқан өзгерістердің ауқымын айшықтауға жол ашады: AI төңірегіндегі бастамалар ірі халықаралық іс-шаралар деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өңірлік технологиялық хабтарда, білім беру саласында, стартаптар мен бизнесте қарқынды дамып келеді.
AI & Digital Bridge 2026 форумы AI MONTH айлығының басты халықаралық алаңына айналып, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытудағы қалыптасып келе жатқан еуразиялық орталық ретіндегі орнын айқын көрсетеді.
AI & Digital Bridge 2026 ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.
AI Month Қазақстандағы жасанды интеллектті, технологиялық бастамаларды және AI-экосистеманы дамытуға қолдау білдіретін серіктестердің басын қосады. AI Month алтын серіктестері — Freedom Банкі, Kaspi.kz және «Самұрық-Қазына» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Transformation Partner — Beeline Казахстан. HackAlem AI ресми серіктесі — Firebird AI KZ Ltd.