ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ASTANA HUB
 ФИЛИАЛДАРЫ

Біздің негізгі мақсатымыз

Қазақстанның өңірлерінде технологиялық саланың дамуына ықпал ету.

1600+ 

Скачиваний

48 600+

Қатысушылар

2

GameDev Center 

400+ 

Стартап идеялары


Сізге не ұсына аламыз?

01

Тегін
коворкинг

Жобаларыңызды дамытуға, нетворкинг пен жайлы жұмыс жасауға арналған кеңістік

02

АКТ саласындағы іс-шараларға 
арналған Event Hall 

Воркшоп, сарапшылармен кездесулер және ивенттер өткізуге арналған алаң

03

Білім беру
бағдарламалары

Бағдарламалауды терең меңгермей-ақ, әзірлеуді жылдам  
үйренуге арналған No code/Low code  курстары

04

Бизнес
бағдарламалар

Инкубациялық бағдармалар - стартаптарды бастапқы кезеңде қолдауға арналған, MVP әзірлеуге көмектеседі.
Акселерациялық бағдармалар - жетілген стартаптарды дамытуға, оларды жедел масштабтауға және жаңа нарықтарға шығуға арналған.

05

Менторлық және
кеңес беру

IT сарапшылармен жобаларды дамыту бойынша тұрақты сессиялар





06

Community чатына
қолжетімділік

Програмисттер, дизайнерлер және стартаптар үшін қарым-қатынас жасау, біліммен алмасу және жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін қауымдастық



Білім беру бағдарламалары

Low Code School

IT-өнімдерді жасауға арналған тегін бағдарлама, low-code платформаларын пайдалану арқылы оқыту. Қатысушылар бағдарламалауды терең меңгермей-ақ веб және мобильді қосымшаларды әзірлеуді үйренеді, мастер-класстар мен жобалар арқылы практикалық тәжірибе алады.

No Code School

Сайттар, қосымшалар, чат-боттар және басқа бағдарламаларды код жазбай жасау курсы. Дәстүрлі әзірлеуге тікелей балама.

Startup Academy

Технологиялық кәсіпкерлік курсы. Қатысушылар әлемде қабылданған стартаптарды дамыту әдіснамаларын меңгереді, нарықты талдау, өз мақсатты аудиториясын табу және басқа да көптеген негізгі білімдермен қаруланады.

Startup School

IT-кәсіпкерліктің негіздері курсы стартап құруды қалайтын барлық адамдарға арналған. Ол негізгі тақырыптар бойынша базалық білім береді: іскерлік коммуникациялар, маркетинг, нарықты талдау және бизнес-моделдеу.

Freelance School

Upwork-те нақты тәжірибесі бар сарапшылардан өтетін интенсивті курс, ол студенттерге жаңадан бастаушыдан Top-rated дәрежесіне дейін жетуге көмектеседі. Бұл курста қатысушылар ең үлкен халықаралық фриланс-биржада жұмыс істеудің ерекшеліктерімен танысып, оқуды аяқтамай жатып, Upwork-те тапсырыс алуға мүмкіндік алады.

Beta Career

Бұл бағдарлама кейіннен IT-компанияларда және стартаптарда стажировка өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. 10 күндік курс барысында қатысушылар ең жақсы HR-сарапшыларымен жұмыс істей отырып, IT-компанияларда сұхбаттан сәтті өту дағдыларын дамытады.

Tech Orda

Шетелде IT-мамандарын оқытуға арналған қолдау бағдарламасы. Бұл бағдарлама цифрлық дағдыларды дамытуға және білікті мамандарды даярлауға бағытталған, жетекші халықаралық университеттерде оқуды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Apple Training Center

Бағдарлама практикалық сабақтарды және сарапшылардан менторлықты қамтиды, қатысушыларға Apple платформаларында, мысалы, iOS және macOS үшін қосымшаларды жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бизнес бағдарламалар

Startup Garage

Стартаптарды қолдау бағдарламасы, кәсіпкерлерге менторлық, ресурстар мен оқытуды ұсынады. Қатысушылар өз идеяларын табысты бизнеске айналдыра алады, сарапшылар мен инвесторлар желісіне қол жеткізеді. Бағдарлама стартаптардың өсуін жеделдетуге және нарықта бейімделуге көмектесуге бағытталған.

Scalerator

Стартаптардың өсуін жеделдетуге бағытталған бағдарлама, менторлық, ресурстар және оқытуға қолжетімділік береді. Қатысушылар өз идеяларын дамытып, бизнес-модельдерін жақсартып, инвестиция табуға мүмкіндік алады. Олар сарапшылар мен табысты кәсіпкерлердің қолдауын алады.

 

Silkway Accelerator

Astana Hub және Google for Startups бағдарламасы. Орталық Азия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузиядан келген стартаптарға арналған трекшнға бағытталған прорывтық акселерация бағдарламасы.

Hero Training

Стартаптар мен кәсіпкерлердің дағдыларын дамытуға арналған бағдарлама. Қатысушылар бизнес-модельдерін және стратегияларын жетілдіруге көмектесетін менторлық, практикалық сабақтар және ресурстарға қол жеткізеді.

AI'preneurs

Жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға бағытталған бағдарлама. Ол AI-шешімдер жасауды және дамытуды мақсат ететін кәсіпкерлерге оқыту, менторлық және қолдау ұсынады.

AlchemistX Accelerator 

Бұл B2B саласындағы стартаптарға арналған бағдарлама, олардың өсуін жеделдетуге менторлық пен халықаралық желілерге қол жеткізу арқылы көмектеседі. Қатысушыларға даму кезеңдерінің барлығында қолдау көрсетіліп, оларды жаһандық нарыққа шығаруға мүмкіндік беріледі.

Join the Unicorn Game

Жабу