Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
29 қыркүйек, сағат 15:00
Ұлттық питч-платформа AI SANA Generative Nation финалы. Мұнда мектеп оқушылары, студенттер, стартаптар мен ғылыми командалар өз жобаларын ұсынады. Байқаудың басты мақсаты – жаңа таланттарды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ жасанды интеллект саласында Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастыратын болашақ көшбасшылар қауымдастығын құру.
Тамыз айында Astana Hub еліміздің барлық өңірінен командалардың қатысуымен жасанды интеллект жобаларына арналған ұлттық байқаудың басталғанын жариялады. Байқауға жүздеген өтінім түсіп, олар сарапшылар тарапынан бірқатар өлшем бойынша бағаланды: AI технологияларды қолдану деңгейі, идеяның ерекшелігі, жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігі, команданың құзыреттілігі, презентацияның анықтығы мен тұтастығы, сондай-ақ жобаның этикалық қыры. Сараптамалық іріктеудің нәтижесінде 20 үздік жоба финалға жолдама алды – әр санат бойынша 5 жобадан.
Жеңімпаздар анықталғаннан кейін командалар Digital Bridge 2025 форумының басты сахнасында сөз сөйлеуге дайындалу үшін менторлық сессияларға қатысады. Финалистерге менторлық жасайтындардың қатарында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазахтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Silkroad Innovation Hub бас директоры Әсет Абдуалиев және MA7 Venture негізін қалаушы Мұрат Абдрахманов бар.
Жеңімпаздарға берілетін жүлделер:Best School AI Project санатындағы 3 жоба – командаға MacBook Air ноутбуктары; Best Student AI Project санатындағы 2 жоба – командаға 5 млн теңгеден; Best Science AI Project санатындағы 1 жоба – командаға 10 млн теңге.
30 қыркүйек, сағат 15:00
Google Firebase Studio чемпионаты. Орта Азиядағы үздік IT-мамандар Firebase Studio және Gemini API негізінде жасаған шешімдерін таныстырады. Финалға шыққан 10 команда өз жобаларын көпшілікке ұсынады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, Google Cloud Platform ваучерлері, сертификаттар мен білім беру ресурстарына қолжетімділік беріледі. Қонақтардың қатарында Google корпорациясының ғылыми зерттеулер жөніндегі директоры Питер Норвиг болады. Сонымен қатар финалдық питчинг, интерактив және Digital Bridge 2025 билеттерінің ұтысы өтеді.
1 қазан, сағат 11:00
Astana Hub-тың флагмандық акселерациялық бағдарламасы – AI’preneurs жаңа легінің ресми ашылуы. Үшінші легке қатысушылар бағдарламаның мақсаттары мен форматы туралы ақпарат алып, өткен жылдың түлектері өз табыс тарихымен бөліседі. Шарада жетекші трекерлер Евгений Фролов пен Николай Тян жаңа оқу кезеңі жайлы баяндаса, Cerebra компаниясының бас директоры Досжан Жүсіпов мотивациялық сөз сөйлейді.
2 қазан, сағат 17:00
Solana Foundation президенті Lily Liu және аты аңызға айналған «Арсенал» командасының футболшысы Sol Campbell кездесу. Шараны Solana Superteam KZ ұйымдастырады. Бұл жиын Web3 индустриясының әлемдік көшбасшыларын, жергілікті IT-қоғамдастық пен дәстүрлі бизнес өкілдерін тоғыстырады. Қонақтар халықаралық сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, blockchain бағдарламасын тәмамдаған түлектердің марапаттау рәсіміне қатысады және жаңа жобалардың таныстырылымын көреді.
4 қазан, сағат 10:00
TON CIS Hub командасының іс-шарасы. Бұл ТМД елдерінде Web3 жобаларын қолдап жүрген аймақтық хаб өкілдерімен кездесу мүмкіндігі. Қатысушылар TON экожүйесінің даму бағыттары, қолдау форматтары және нақты стартап тәжірибелерімен танысады.
Жоғарыда аталған барлық шара Astana Hub Event Hall алаңында (C4.6 блогы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8) өтеді.
AI Week – Қазақстанның аймақтағы жасанды интеллект орталығына айналып келе жатқанын көрсететін басты алаң. Журналистер үшін бұл әлемдік сарапшылардан эксклюзивті пікір алу, жаңа технологиялық серпілістерді алғашқылардың бірі болып жариялау және алдағы цифрлық болашақты көрудің бірегей мүмкіндігі.