Astana Hub және Tech Culture тегін блокчейн конференциясын өткізді
Нұр-Сұлтанда GEXABYTE компаниялар тобына кіретін және блокчейн өнімдерін бағдарламауға маманданған Tech Culture IT-компаниясының өкілдері және халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub ұйымдастырған Blockchain Summer Conference өтті.
Кездесудің басты мақсаты – блокчейн-технологияның өзекті тақырыптары туралы түсінікті әрі қызықты түрде көпшілікке түсіндіру.
Конференция тегін өткізілді, қатысушы саны жалпы 150-ден асты. Кездесуде Web 3.0 және 2.0 тұжырымдамалары, NFT трендтері, крипто жобаларына арналған токеномика және тағы басқа тақырыптар талқыланды. Спикерлер ретінде Tech Culture IT-компаниясының техникалық директоры - Артур Сундетов және GEXABYTE IT-компаниялар тобының негізін қалаушысы - Кирилл Морозов, Nftime компаниясының негізін қалаушысы - Константин Кудряшов, тәуелсіз қаржы кеңесші және криптоынтагер - Александр Шишов, Coldstack басшысы - Байжан Бексұлтан, Тech Culture IT-компаниясының токен-инженері - Евгений Орман, сонымен бірге Darwin Tech Labs басшысы және "BlockchainKZ" блокчейн технологиясын бағдарламаушылар мен пайдаланушылар қауымдастығының вице-президенті - Арман Қонышбаев сөз сөйледі.
- Маған спикерлердің алуандығы қатты ұнады. Олардың әрқайсысынан көп нәрсе үйренуге болады. Мұндай іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу қажет, өйткені бұл елде криптовалютаның тез бейімделуіне әкеледі, - деп конференция қатысушысы Манар Оразов пікір бөлісті.
Astana Hub өз жағынан, жергілікті блокчейн-қоғамдастықты дамыту үшін арнайы іс – шаралар өткізуге, саладағы жобаларды дамытуға және блокчейн инженерлерін дайындауға аса назар аударады:
– Біз адамдар арасында блокчейн технологиясының құндылығын түсіну және көпшілікке тарату үшін жергілікті блокчейн қоғамдастығын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлеміз, - дейді Astana Hub технопаркінің корпоративтік инновациялар және цифрлық құзыреттер кеңсесінің директоры Танат Өскембаев. - Сондықтан біз блокчейн технологияларды дамытуға қызығушылық танытып отырған нарық өкілдерін қолдауға тырысамыз. Көп ұзамай көптеген әдеттегі орталықтандырылған шешімдер орталықсыздандырылған баламаларды табады. Блокчейн технологиялар нарығы да, сол арқылы орталықсыздандырылған цифрлық активтер нарығы да дәл осылай дамитын болады. Осыған байланысты біздің қоғамдастықтың блокчейн технологиясының әлеуеті туралы хабардарлығын арттыру маңызды.
Tech Culture IT-компаниясы да осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті:
– Конференцияның негізгі мақсаты – білім алмасуға назар аудару,-дейді Тech Culture IT-компаниясының техникалық директоры және GEXABYTE IT-компаниялар тобының негізін қалаушы Артур Сундетов. – Біз сапалы материал бере алатын, техникалық бөлшектермен бөлісе алатын және сараптамалық кері байланыс бере алатын спикерлерді жинадық. Мен блокчейнге қызығушылық танытатын адамдарды бір жерге жинап, нетворкинг алаңын құруға қол жеткізгеніме өте қуаныштымын.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін