Astana Hub және TikTok стартаптарға арналған білім беру бағдарламасын ашты
Astana Hub TikTok-пен бірлесіп, қазақстандық стартаптар үшін TikTok Startup Академиясының алғашқы білім беру бағдарламасын іске қосты. Академия аясында 218 стартаптың өкілдері платформада жетістікке жетуді және қоғамдастықтың назарын өз өнімдеріне аударуды үйренеді. TikTok Startup Академиясының ең үздік студенттері 10.000 долларға дейін гранттарға ие болады.
Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub пен TikTok қысқа бейнероликтер жасауға арналған жетекші платформа Digital Bridge 2022 шеңберінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және бүгін олар TikTok Startup Академиясы стартаптары үшін эксклюзивті білім беру бағдарламасын іске қосты. Платформа мен технопаркті инновацияға деген ұмтылыс та, бизнеске көмектесуге деген ұмтылыс та біріктіреді. Академияның міндеті - стартаптарға жаңа өсу нүктелерін табуға, сарапшылардан бірегей білім алуға және TikTok платформасының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Бағдарламаға қатысуға Fintech, E-com, Games&Apps, Foodtech, Edtech, Entertainment, Health&Wellness және басқа да салалардан технологиялық стартаптардың өкілдері шақырылды. Өтінімдерді қабылдау қазан айының соңында ашылды және іріктеу нәтижесінде 218 стартап білім беру курсына қол жеткізе алады. Вебинарлар 31 қазаннан бастап өтеді, ал емтиханды сәтті тапсырған алғашқы жиырма қатысушы 9 және 10 қарашада Астанадағы офлайн-воркшоптарға барады.
«Бұл білім бағдарламасы - Digital Bridge 2022 форумы аясында қол қойылған Astana Hub пен TikTok ынтымақтастығы туралы меморандумның қисынды жалғасы. Бағдарламаға қатысушылардың арасында Documentolog, Mitwork, Aviata, EasyTap, iDos Games сияқты командалар, сондай-ақ жаңа бастап жатқан және тәжірибелі бірқатар отандық стартаптар бар. Бұл орайда нарықтың TikTok платформасындағы маркетинг білсенділігін дамытуға ұмтылып жатқандығын көруге болады. Astana Hub пен TikTok серіктестігі қазақстандық ІТ-экожүйені танытуға үлес қосып, елімізге ІТ-компанияларды тартуға жағдай жасайды деген үміттемін»,- деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
«TikTok StartUp Академиясының аясында біз кәсіпкерлерге жаңа білім алуға және TikTok пен Astana Hub үздік сарапшыларының тәлімгерлігімен жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе береміз, ал үздік қатысушыларға арналған гранттар оларға өздерінің батыл идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Global Business Solutions, TikTok-тың Шығыс Еуропадағы бас директоры Анастасия Панина.
Академияның барлық стартап студенттері мыналарға қол жеткізе алады:
- TikTok for Business командасының менторшипі, онда науқанды нөлден бастап толық пысықтау кіреді.
- Бірегей білім беру мазмұны, жетекші бейне платформаның сараптамасы және тиімді науқандарды қалай бастау керектігін үйрену мүмкіндігі.
- Сарапшылардың чат арқылы қолдауы.
Оқыту қорытындысы бойынша үздік жобалар TikTok-та 10.000 долларға дейін танымал болу гранттарын алады, олар бұл сыйлығын TikTok-тағы маркетингтік науқандарға жұмсай алады.
Astana Hub – халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі. Бұл жерде қазақстандық және шетелдік ІТ-компаниялардың дамуына жағдай жасалады.
TikTok - қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Aigerim Nurgaliyeva · Қар. 1, 2022 12:21
У меня тоже самое, я получила письмо без контактов и дальнейших инструкции, на мероприятий меня не было, потому что письмо пришло позже даты проведения мероприятия(((((
Svetlana Ogay · Қар. 2, 2022 10:13
Здравствуйте! Приносим извинения за сложившуюся ситуацию. Напишите нам пожалуйста на edu@astanahub.com.
Nursultan Karassartov · Қаз. 31, 2022 18:14
Добрый вечер! Я получил письмо о том что прошел на эту программу, но дальше ничего не получил, а курс начинается уже с сегодняшнего дня… как можно решить данный вопрос? С кем могу связаться?
Svetlana Ogay · Қар. 1, 2022 08:41
Доброе утро! Напишите пожалуйста на edu@astanahub.com.