Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі TON Foundation қорымен, атап айтқанда, өңірдегі TON Blockchain экожүйесін дамытумен айналысатын TON ТМД Хабымен серіктестік орнатты. Бұл әріптестік AI’preneurs акселерациялық бағдарламасына қатысушыларды қолдауға бағытталған. Бағдарлама жасанды интеллект саласындағы стартаптарды құруға және оларды ауқымдандыруға мүмкіндік береді.
AI’preneurs – Astana Hub-тың 2024 жылы іске қосқан флагмандық бағдарламасы. Бұл Қазақстандағы жасанды интеллектке арналған алғашқы стартап-алаң. Үш ай ішінде қатысушылар идея ойлап табудан бастап команда жасақтауға, дайын өнімді нарыққа шығаруға дейінгі толық жолдан өтеді. Әр кезеңде оларды тәжірибелі менторлар мен трекерлер сүйемелдейді.
– «TON Foundation-пен серіктестік AI’preneurs қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бағдарлама халықаралық деңгейдегі тәжірибемен толығып, командалар жасанды интеллект пен технологиялардың тоғысындағы өнімдерді дамытуға арналған тың құралдарға қол жеткізеді», – деді Astana Hub бизнес-бағдарламалар кеңсесінің директоры Ербол Ахметов.
Серіктестік аясында бағдарлама қатысушыларына TON командасынан арнайы воркшоптар ұйымдастырылады. Онда экожүйе құралдарының практикалық қолданысы таныстырылып, Telegram Mini Apps құру және дамытуға арналған шеберлік сабақтары өтеді.
Бұл ынтымақтастық AI мен Web3 тоғысындағы жаңа өнімдерді жасап көруге, оларды нақты ортада сынап, TON экожүйесінің мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануға жол ашады.
Анықтама үшін
TON Blockchain – Telegram технологиялары негізінде әзірленген блокчейн-платформа. Жақын жылдары ол 500 миллион пайдаланушыны тартуды көздейді және тәуелсіз қауымдастықпен қолдау табады.
TON ТМД Хабы – ТМД елдеріндегі TON экожүйесінің өңірлік орталығы. Ол әзірлеушілерді, стартаптарды және серіктестерді қолдау арқылы қауымдастық пен инфрақұрылымды дамытумен айналысады.