Технопаркке қатысу шарттарының сақталуы – Astana Hub мониторинг қызметі бақылауында
2023 жылы Astana Hub шарттық қарым-қатынастардың сақталуын қамтамасыз етіп, мақсатты емес компаниялардың технопарк бағдарламаларына қатысуына жол бермеуге бағытталған мониторинг қызметін енгізді. Тоқсан сайын аталған офис Цифрлық даму министрлігіне Astana Hub бағдарламаларына одан әрі қатысу негізін айқындауды қамтитын компаниялар қызметі, жобаларын мониторингтеу барысы туралы талдамалық мәліметтерді жібереді.
Astana Hub мониторинг қызметі қатысушыларға Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлері тізбесінен ауытқуға жол бермеу қажетін ЕСКЕРТЕДІ. Резиденттер қатысу шарттарын жасай отырып, АКТ-дағы басым қызмет түрлері тізімінен тыс қызметті жүргізуге болады деген қате тұжырымға ерекше назар аударылады. Мысалы, әртүрлі бағыт бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсаттары үшін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер үшін бөлек салық есебін жүргізу туралы шешім АКТ саласындағы қызметтің басым түрлерінен ғана табыс алу бөлігінде қатысу шартының талаптарына және салық заңнамасына қайшы келеді.
Атап айтқанда, компания технопаркте тіркелу кезінде білім беру платформасын дамыту жобасын ұсынып, бірақ іс жүзінде өз өндірісінің критерийлеріне сәйкес келмейтін жабдықтарды сатумен айналысқан жағдай анықталды. Бұл – осындай бұзушылықтардың бір ғана мысалы.
Astana Hub қатысушыларға АКТ-дағы басым қызмет түрлері тізбесінен ауытқуларды болдырмау үшін келесі ұсынымдар ұсынады:
1) Компаниялар өзге тараптың бағдарламалық өнімдерін, мысалы, антивирустық бағдарламаларды, операциялық және есеп жүйелерін және т.б. сатпауы керек;
2) Компаниялар IT, компьютерлік және перифериялық техникаға қызмет көрсету саласында консалтингтік қызметтерді іске асыруға жол бермеуі тиіс;
3) Компаниялар бағдарламалық-техникалық құралдарды, мысалы, тасымалдау, медициналық қызметтерді қолданбай клиенттерге тікелей қызмет көрсетпеуі тиіс;
4) Компаниялар өз өндірісінің критерийлеріне сәйкес келмейтін тауарларды сата алмайды, мысалы, компьютерлер немесе ноутбуктер, датчиктер және т.б. Алайда егер жабдық ажырамайтын бағдарламалық және техникалық құралдарды қамтитын бағдарламалық-аппараттық кешен құрамында жеткізілсе, онда бұл бұзушылыққа жатпайды;
5) IT саласындағы оқытуды таңдаған компаниялар IT-ден тыс кіріс ала алмайды, мысалы, бухгалтерлік және тілдік курстар мен т.б.;
6) Сондай-ақ технопарк қатысушылары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеуден және оларға қызмет көрсетуден, оның ішінде қосалқы мердігер ретінде табыс таба алмайды.
Astana Hub технопарктен уақытынан бұрын шығару және қосымша салық салу тәуекелдерін болдырмау үшін қатысушыларға алдын ала айқындалған қызмет аясы мен тізбе шеңберінен шықпау міндеттемесін сақтауға шақырады.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
I AF · Ақп. 7, 2024 11:36
Интересно, это открыло много неясных вопросов, спасибо!