Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Бұл марапат Global Startup Ecosystem Index 2025 жаһандық рейтингінде Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында алғаш рет көш бастауының нәтижесі ретінде берілді.
Меморандумға қол қою және марапат табыстау рәсімі Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында өтті. Құжат аясында тараптар стартап-экожүйені дамыту, білім және тәжірибе алмасу, сондай-ақ қазақстандық технологиялық компанияларды жаһандық деңгейде ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиевтің еліміздегі инновациялық экожүйені қалыптастыруға қосқан жеке үлесі де ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, форум аясында халықаралық және өңірлік серіктестермен бірнеше маңызды келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады деп күтіледі. Бұл бастамалар Қазақстанның технологиялық әлеуетін арттыруға және оны жаһандық инновациялық кеңістікте танытуға жол ашады.