Astana Hub IT саласындағы мансапты жоспарлауға көмектеседі

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі IT саласында мансапты жоспарлауға бағытталған Beta Career бағдарламасының жаңа легін іске қосады. Бағдарлама бойынша оқыту қатысушылар үшін тегін.


Бүгінгі таңда Қазақстан мен ТМД елдерінен 1500-ге жуық адам табысты жұмысқа орналасу үшін оқудан өтіп, өз дағдыларын шыңдады. Beta Career бағдарламасының түлектері ірі IT-компанияларда, соның ішінде АҚШ, Малайзия және басқа елдерде жұмыс тауып немесе тағылымдамадан өтті.

«IT-мамандардың көпшілігі мансапты қалай тиімді құру керектігін дұрыс түсінбегендіктен, жасап жатқан жұмысқа, мансаптық өспеуіне қанағаттанбайды. Көбісі сұранысқа ие бағыттарды білмейді. Бірақ табысқа жету үшін кешенді жоспар құру қажет. Мысалы, қазір Go, Java, сондай-ақ Data Science мамандары мен DevOps инженерлері сұранысқа ие. Біздің міндетіміз-қажетті, ең бастысы қалаған жұмысты табуға көмектесетін негізгі дағдыларды үйрету», - деп атап өтті Astana Hub экспорт және даму жөніндегі басқарушы директоры Абай Әбсамет.

Beta Career - бұл мансап құру процесі туралы бірегей түсінік беретін кешенді онлайн-курсы. Бағдарламаға IT саласындағы студенттер мен түлектер қатыса алады. Оқыту бейне дәрістерден, практикалық вебинарлардан, сарапшылармен тестілік сұхбаттардан, трекерлермен кездесулер мен кеңестерден, сондай-ақ онлайн бос орындар жәрмеңкесінен тұрады.

Оқыту нәтижелері бойынша бағдарлама қатысушылары IT-компанияда жұмысқа орналасу үшін тиімді түйіндеме жасауды және оларға ілеспе хаттар жазуды үйренеді, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытады, IT-де қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін біліп, үздік компанияларда қажетті жұмыс табуға мүмкіндік алады.

Бағдарламаның жаңа легі 22 тамызда басталады, қатысуға өтінімдер сілтеме бойынша 19 тамызға дейін қабылданады - https://astanahub.com/l/betacareer2022?modal=.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін