Astana Hub Наурыз мейрамына орай кітап cыйлайды!

Astana Hub халықаралық технопаркі Наурыз мерекесіне орай 19-29 наурыз аралығында байқау жариялайды. Қатысушылар Nauryz Meiramy коллекциялық төсбелгісі мен 2000 Social Coins (SC) алады, ал жеңімпаздар оған қоса Арсен Томскийдің кітабына ие болады.


Байқау шарты бойынша қатысушылар astanahub.com платформасында тіркеліп, «Профиль» бөліміндегі «Рейтингті қалай көтеруге болады?» батырмасын басып, марапаттар тізіміндегі Nauryz Meiramy төсбелгісін активациялау қажет. Келесі кезекте 2000 SC пен төсбелгінің өзін алу үшін Наурыз мейрамы туралы пост жариялау талап етіледі. Соңғы қадам алған төсбелгіні #маркетплейсAstanahub хэштегімен @astana.hub аккаунтын белгілей отырып, сториске салу.

Барлық шартты орындаған қатысушылардың арасынан тікелей эфирде рандомизатордың көмегімен үш жеңімпаз таңдалады және сыйлық ретінде Арсен Томскийдің кітабы беріледі.

Astana Hub маркетплейсі astanahub.com платформасындағы профильдің бас жағында орналасқан, онда SC-қа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болады.

SC astanahub.com порталының мүшелеріне арналған ойынішілік валюта.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін