Astana Hub Digital Bridge-2022 форумын өткізу үшін ивент-агенттікті іздеуде
Astana Hub Орталық Азиядағы IT-қоғамдастық үшін жылдың ең ауқымды оқиғасы-Digital Bridge – 2022 халықаралық технологиялық форумын ұйымдастыру үшін тәжірибелік ивент-агенттікті іздеуі туралы хабарлайды. Форум қыркүйек айының соңында елордада өтеді.
Іс-шара агенттігіне қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен кемінде 5 халықаралық және (немесе) республикалық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша негізгі өнім беруші ретіндегі тәжірибе;
- штатта іс-шараны ұйымдастыруға тікелей тартылған кемінде 4 қызметкердің болуы;
- құжаттарды тапсыру күніне салық берешегінің жоқтығын растау;
- құжаттарды тапсыру күніне сот талқылауларының болмауы;
- өткізілген іс-шаралар бойынша алғыс хаттар мен грамоталардың болуы.
Өз кезегінде, ивент-агенттік жемісті ынтымақтастыққа, портфолио, нетворкинг, форум ұйымдастырушыларының алғыс хаттарына ие болады.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Bridge - интернет-компаниялардың, технологиялық кәсіпкерлердің, венчурлік инвесторлардың, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, корпорациялардың, IT-мамандардың, блогерлер мен цифрлық БАҚ-тың коллаборациясына арналған алаң. Әлемнің 25 елінен 5000-нан астам қатысушы күтілуде. Олардың барлығы IT-технологиялар мен инновацияларды дамыту, цифрлық саланың жетістіктері мен үрдістері бойынша тәжірибе алмасу үшін жиналады.
Ивент-агенттіктерден өтінімдер сілтеме бойынша 17 тамызға дейін қабылданады - https://astanahub.com/l/digital-bridge-event-agency.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін