Astana Hub Орталық Еуразияның стартап экожүйесін дамытудың жаңа кезеңін бастап жатыр
Astana Hub Digital Bridge 2023 форумы аясында стартаптарды дамыту бойынша сегіз стратегиялық келісім жасасты.
12-13 қазанда елордада өткен Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум аясында Astana Hub технопаркі бірқатар меморандумға қол қойды, оның ішінде жетекші америкалық акселератор Alchemist Accelerator компаниясымен, сондай-ақ Orbit Startups және Domino VC венчурлық қорларымен серіктестік туралы келісімдер бар. Бұл стратегиялық серіктестіктер Қазақстан мен Орталық Еуразияның стартаптарына АҚШ, Латын Америкасы, Африка, Таяу Шығыс, Түркия, Орталық Азия және Шығыс Еуропа нарықтарында өз жобаларын табысты масштабтауға жаңа мүмкіндіктер береді.
Меморандумға қол қойылған серіктестер қатарында State Business Incubator Tajikistan, Begin IT by inDrive, Orbit startups, Alchemist Accelerator, Domino Ventures, TechnoHub Dushanbe, Астана халықаралық қаржы орталығы соты және АХҚО халықаралық арбитраж орталығы, сондай-ақ Public Found «Accelerate Prosperity» сияқты компаниялар бар.
«Біздің технопарк Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық хаб ретінде Қазақстанды стартап экожүйесінің негізгі ойыншысына айналдыруға ұмтылады. Ынтымақтастық мақсаты – Орталық Еуразия стартаптары үшін жоғары сапалы платформа құру, оларға жетекші инвесторлардың, сарапшылар мен серіктестердің назарын аударуға көмектесу, сондай-ақ халықаралық деңгейде табысты бәсекелестікке қажетті дағдылар мен білімді дамыту. Сондықтан, біз бұл серіктестіктер стартаптарымызға жаңа биіктерге жетуге және әлемдік аренада әлеуетін ашуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Меморандумға сәйкес, Astana Hub және Alchemist Accelerator B2B саласындағы технологиялық акселераторы Орталық Еуразиядағы стартаптарды қолдау үшін бірлескен білім беру бағдарламалары мен іс-шараларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл кәсіпкерлерге әлемдік нарыққа сәтті шығу үшін дайындалуға көмектесетін сараптама мен тәжірибе алмасуды қамтиды.
«Біз Орталық Еуразия кәсіпкерлеріне өз компанияларын дамытуға және инвесторлардың назарын аударуға көмектесу үшін Astana Hub-пен ынтымақтасу мүмкіндігін асыға күтіп отырмыз», - деді Кристи Канида, Alchemist Accelerator бағдарламасының директоры.
Alchemist Accelerator – қазақстандық кәсіпкерлер мен инноваторларды Кремний алқабындағы мүмкіндіктермен байланыстыратын бизнес-стартаптарға арналған жетекші акселератор бағдарламасы. Domino VC және Orbit Startups венчурлық қорлары келешегі зор компанияларға инвестиция салуға бағытталғанымен, кәсіпорындар үшін жаңа сыртқы нарықтарды ашып, қажетті бастапқы капиталды және өршіл жобаларды жүзеге асыруға маңызды қолдау көрсетеді.
«Біздің технопарк келісімге отырған компаниялар стартаптарға бәсекелестікте артықшылық бере отырып, өзгерістерге тиімді бейімделуге және клиенттердің сұранысына тез жауап беруге мүмкіндік береді. Әсіресе жасанды интеллект, геймдев және метағалам салаларындағы стартаптар жаңа сыртқы нарықтарды дамытуда үлкен мүмкіндіктерге ие болады», - деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Еске салайық, 12-13 қазанда Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 ІТ форумы аясында мемлекеттік органдар, ірі компаниялар, халықаралық технопарктер және басқа да ұйымдар IT-инновацияларды дамытуға бағытталған 29 құжатқа қол қойды.
Digital Bridge 2023 форумы алаңына 30 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде 30 елден келген делегация, 300-ден астам IT-компания өкілі, 450 спикер, 100-ден астам инвестор мен бизнес-періштелер, сондай-ақ 150-ден астам стартап жиналды. Биылғы форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.
Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтыды: ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, шетелдік спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Meet the Drapers стартаптар туралы реалити-шоуының түсірілімі, Digital Bridge Awards марапаттау рәсімі, Astana Hub Battle, сонымен қатар корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC Zone, аймақтық IT-хабтар көрмесі және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Digital Bridge 2023 ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz.
Демеушілер мен серіктестер - Freedom bank, Visa, Yandex, Citix, Ozon, ТТС, Halyk, Eurasian bank, BI Group, Allur, Bereke bank, Huawei, Mycar, Kazakhtelecom, Kcell, Tele2, Altel, Beeline, ҚазМұнайГаз, Qazaqgaz, Битрикс 24, QIC, KDSS, 7Generation, Binance.
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Assem Tolegenkyzy · Қар. 1, 2023 13:48
Крутая новость!
Shyngys True · Қаз. 30, 2023 17:10
Эти стратегические соглашения, подписанные Astana Hub на форуме Digital Bridge 2023, подчеркивают стремление к развитию стартап-экосистемы в Центральной Евразии и укрепление связей с ведущими международными игроками в сфере инноваций и технологий.
AlimkhanT · Қаз. 27, 2023 13:26
Молодцы👍👍👍