15 қыркүйекте Astana Hub-та ақылды құрылғылар, заттар интернеті, робототехника, дрон және ұшқышсыз ұшу аппараттары, қорғаныс технологиялары және киберқауіпсіздік бағытындағы жобаларды дамытуға арналған Tech Incubator 2026 бағдарламасының Welcome Day шарасы өтті.
Бағдарламаға қатысу үшін 151 өтінім түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 66 өтінімнің авторлары бағдарламаға қабылданды: оның 35-і ақылды құрылғылар, IoT және робототехника бағыты бойынша, 20-сы киберқауіпсіздік саласында және 11-і дрон мен ұшқышсыз ұшу аппараттары саласы бойынша қатысады.
«Tech Incubator — бұл Astana Hub-тың аппараттық жобаларды, дрондарды, робототехниканы және басқа да технологиялық шешімдерді дамытуға бағытталған алғашқы мамандандырылған бағдарламасы. Қатысушылар зертханалардың жабдықтарымен жұмыс істеп, менторлар мен трекерлердің қолдауына ие бола алады, сондай-ақ жобаларын дамыту және жаңа нарықтарға шығу үшін Astana Hub-тың халықаралық инфрақұрылымын пайдалана алады», — деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Танат Өскембаев.
Бағдарлама 14 аптаға созылып, үш кезеңнен тұрады. Қатысушылар жобаның мәселесі мен мақсатты аудиториясын анықтап, команда түзеді немесе әлеуетін арттырады, прототиптер жасап шығады, негізгі гипотезалар мен бизнес-модельдерді тексереді, алғашқы пилоттық іске қосу жұмыстарын жүргізіп, өнімді кеңейтуге дайындайды. Әр кезең соңында командалардың жетістіктері аралық бағалаудан өтеді. Бағдарлама әлеуетті инвесторлар, корпоративтік серіктестер және технологиялық қауымдастық өкілдері алдында жобаларды қорытынды таныстырумен — Demo Day шарасымен аяқталады.
«Біздің міндетіміз — қатысушыларға идеядан бастап жұмыс істейтін өнімге дейінгі жолдан өтуге көмектесу. Бағдарлама барысында командалар нарық қажеттіліктерін дәйекті түрде зерттеп, прототиптер жасайды, алғашқы клиенттерін іздейді және өз шешімдерінің өміршеңдігін тексереді. Финалда ең мықты дайындықтан өткен жобалар нәтижелерін әлеуетті серіктестер мен инвесторларға ұсынады», — деді Astana Hub технологиялық орталықтар кеңсесінің директоры Анарбек Өтеғұлов.
Welcome Day барысында қатысушыларға бағдарламаның техникалық менторлары мен сарапшылары таныстырылды:
Дмитрий Иванов, DroneID директоры командаларға ұшқышсыз шешімдерді нақты секторда әзірлеу және қолдану, тестілеуді ұйымдастыру және технологияларды өндірістік процестерге кіріктіру бойынша кеңес береді;
Қазыбек Батыр, Ashyq Aspan Foundation директоры, ұшқышсыз авиациялық жүйелер жөніндегі сарапшы қатысушыларға әзірлемелерді әлеуетті тапсырысшылардың талаптарына бейімдеуге, шешімдерді сынақтан өткізуге және БАС саласындағы жобаларды дамытуға көмектеседі;
Азамат Каримов, USTEM инженері робототехника, Physical AI және марапаттау арқылы оқыту (reinforcement learning) саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді;
Нұрдәулет Жүзбай, робототехника жөніндегі инженер командаларға компьютерлік көру, роботтандырылған жүйелерді басқару және нысандарды манипуляциялау бойынша кеңес береді;
Асылбек Мырзахметов, USTEM Foundation басшысы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Defence Tech Center директоры defence tech, робототехника және технологиялық шешімдерді тәжірибеде енгізу саласындағы тәжірибесімен бөліседі;
Игорь Сенюшин, ЦАРКА-дағы R’n’D бағытының басшысы киберқауіпсіздік, жүйелерді тестілеу, цифрлық криминалистика, жасанды интеллектті енгізу және сыртқы орындаушыларды тартып әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары бойынша сараптама ұсынады;
Расул Рафиков, бағдарламалық қамтамасыз ету инженері қатысушыларға аппараттық шешімдерден бастап финтех-сервистерге дейінгі технологиялық өнімдерді жасау бойынша кеңес береді. Оның сараптамасы архитектураны әзірлеуді және өнімдерді өндіріске енгізуді, бұлтты шешімдерді, IoT прошивкаларын, мобильді қосымшаларды, биллинг пен ERP жүйелерін, Kaspi, Halyk және ЭСФ-пен интеграцияларды, сондай-ақ AI мен LLM енгізуді қамтиды. Сонымен қатар, сарапшы командаларға инженерлік процестерді реттеп, тиімді әзірлеу тобын құруға көмектеседі;
Нұрлан Бақтығалиев, өндіріс басшысы және «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Ғалам» БК, Connected Home, Kaztechinnovations және STAR TIMES Group компанияларында 20 жылдан астам тәжірибесі бар технологиялық жүйелер инженері қатысушыларға радиоэлектроника, спутниктік жүйелер, өндіріс және автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес береді. Ол аппараттық шешімдерді әзірлеуге, жабдықты таңдауға, өндірісті ұйымдастыруға және талаптарды айқындаудан бастап дайын өнімді жасау мен сынақтан өткізуге дейінгі техникалық процестерді құруға жәрдемдеседі.
Бағдарламаның жетекші трекері командаларға клиенттік зерттеулер жүргізу, өнім гипотезаларын тексеру, алғашқы сатылымдар мен пилоттық жобаларды ұйымдастыру, сондай-ақ масштабтауға дайындалу кезінде қолдау көрсетіп, қасында болады. Сондай-ақ қатысушыларға бейінді зертханаларға, тестілеу және прототиптеу алаңдарына, Astana Hub коворкингі мен жұмыс орындарына қолжетімділік беріледі.
Tech Incubator 2026 техножобаларға идеядан нарықта өз дәлелін тапқан шешімге дейінгі жолды қысқартуға және жобаларды индустриялық серіктестермен әрі инвесторлармен ынтымақтастыққа дайындауға көмектесуге бағытталған.