Digital Bridge 2025 халықаралық форумының аясында Astana Innovations Accelerator бағдарламасының Opening Day күні өтті. Орталық Азиядан түскен 158 өтінімнің ішінен іріктелген 21 стартап өз жобаларын цифрлық индустрия, венчурлік капитал, ғылым және білім беру салаларының әлемдік көшбасшыларына таныстырды.
Жобалар мегаполистің дамуына ықпал ететін маңызды бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, медицина, білім беру, экология, қалалық инфрақұрылым және қауіпсіздік салалары бар. Олардың қатарында:
- WEGLOBAL.AI – педагог-психологтар мен кәсіби бағдар беретін мамандардың жұмысын оңтайландыратын жасанды интеллект платформасы.
- iDia (Med AI Lab) – палаталар мен жансақтау бөлімдеріндегі медициналық бейнелер және бейнеағынды талдау платформасы.
- SOYLESEYIK – ерекше балаларды оқытуға және оларды әлеммен балама коммуникацияға үйретуге арналған инновациялық құрал.
- Green Public – көміртек ізі мөлшерін есептеп, оны жергілікті көгалдандыру мен ESG есептілігі арқылы азайтуға көмектесетін платформа.
- Электрондық Табло – қоғамдық көліктегі интеллектуалды цифрлық жарнама жүйесі.
- Onay Oqu – «қарапайым репетитор ғана емес» білім беру шешімі.
- Dronly – инженерлік және техникалық дағдыларды дамытуға арналған білім беру платформасы.
- ZEREK – «ақылды» әрі энергия үнемдейтін жарықтандыру: онлайн басқару және бюджетті үнемдеу жүйесі.
- AI Qyzmet – мемлекеттік қызметшілерге арналған интеллектуалды жүйе (өтініштерді өңдеу жылдамдығын арттырады).
- OQ.AI – оқуды және сыни ойлау қабілеттерін дамыту платформасы.
- EcoTwins – ауа тазартқыштары бар IT-жүйе. Ол экология қолайсыздығының денсаулыққа зиянын азайтады
- AMAN – азаматтар мен бизнесті қорғауға арналған бірыңғай қауіпсіздік платформасы.
- Ascle – «медицинаны рутинсіз» ететін шешім.
- Bulan Firefight – қала мен орманды қорғауға арналған өрт сөндіру дроны.
- EmAI Цифрлық клиникасы – жасанды интеллект негізіндегі телемедицинасы бар медициналық клиника.
- Jasa – жасөспірімдер мен студенттердің дамуына және жұмыспен қамтылуына арналған платформа.
- Artisan Education – мектептен бастап инженерлерді даярлауға септігін тигізетін жоба.
- Yer AI Mentor – шетелге оқуға түсуге дайындайтын AI-платформа.
- Дәрігерлерге арналған AI-тренажер – жеке жасанды интеллект-нұсқаушы.
- U-Drone – жол-көлік оқиғаларын жедел 3D-бекітуге арналған автономды дрондар жүйесі. Ол кептелістерді, қателерді және жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
- OTA – LonelyPlanet пен Tripadvisor үлгісіндегі туристік гидбук, Қазақстандағы курорттар мен қалалардағы нысандар бойынша қосымша қызметтерді брондау жүйесі бар.
Алдағы төрт апта ішінде қатысушылар елорда қажеттіліктерін ескере отырып, шешімдерін жетілдіре түседі. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған жобалар пилот кезеңіне өтеді. Қатысушылар өнімдерін бас қаланың нақты жағдайында сынап, трекерлерден жеке қолдау алып, воркшоптарға қатысып, салалық сарапшылардан кеңес алады.
Бағдарламаны Astana Hub, Астана қаласы әкімдігі және «Астана Innovations» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Ол қала өмірінің әртүрлі салаларына тиімді технологиялық шешімдерді енгізуді көздейді.
Astana Innovations Accelerator 2025 екі айға созылып, Demo Day іс-шарасымен аяқталады. Бұл күні стартаптар пилот нәтижелерін мемлекеттік органдарға, бизнес өкілдеріне және инвесторларға ұсынады. Үздік жобалар 5 млн теңгеден бастап қаржыландыруға ие болып, SAFE келісімдерін жасасады. Сонымен қатар жоба ауқымын кеңейтіп, жаңа нарықтарға шығу үшін қолдау алады.
Еске салсақ, 2–4 қазан аралығында Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтіп жатыр. Бұл – Орталық Еуразиядағы технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқиға, ол индустрия көшбасшыларын, инвесторларды, сарапшыларды және стартаптардың басын қосты.