Шыңғыс Құлахметов: біз Astana Hub-пен бірге туған қаламыздың өмірін жақсартамыз
Біз сіздерді Astana Hub пен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен Smart City Accelerator Almaty оқу бағдарламасы кейіпкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз. Smart City Accelerator – стартаптар жаңа технологияларды пайдалана отырып, қалалық ортаның мәселелерін шешетін жоба. Біздің қонағымыз – Med365 негізін қалаушысы және бас директоры Шыңғыс Құлахметов.
Шыңғыс, стартапыңыз туралы айтып беріңізші. Неліктен сіз және сіздің әріптестеріңіз medtech-ті таңдадыңыз?
– Med365 – автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі. Бұл стартаптың бастапқы идеясы денсаулық мәселелерін смарт технологиялардың көмегімен шешу болды. Даму барысында біз медициналық қызмет көрсету саласындағы толыққанды ұйымға айналып жатқанымызды түсіндік, өйткені өз қызметімізді жүргізу және жабдықтарды өндіру үшін біз медициналық лицензиялар, сертификаттар, тіркеу куәліктері және т.б. алдық. Бүгінгі таңда біздің құрылғы медициналық өнім болып табылады.
Командаңыз туралы айтып беріңізші. Сіз денсаулық сақтау мамандарымен жұмыс істейсіз бе?
– Командада меннен басқа бағдарламашылар, сатушы мамандар, есепші бар – барлығы 15 адамбыз. Штатта дәрігерлер жоқ, бірақ біз осы саладағы кәсіби мамандармен тығыз жұмыс жасаймыз. Жұмыс барысында дәрігерлермен кеңесіп, бірге клиникалық сынақтар жүргіземіз.
Сіз қазір Smart City Accelerator Almaty бағдарламасына қатысасыз. Өніміңізді қала қажеттіліктеріне қалай бейімдеуді жоспарлайсыз?
– Алматы – менің туған қалам және мен оның әлеуметтік жағдайына өз үлесімді қосқым келеді. Astana Hub акселераторы іс жүзінде өз өніміңді қолдану арқылы дәл осындай мүмкіндік береді. Біз көлік ұйымдары мен персоналдың тез және дәл медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етеміз, бұл өз кезегінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар, біз еңбек жағдайлары қиын өндірістік компаниялармен жұмыс істейміз, мұнда қызметкерлер де күнделікті тексеруден өтуге міндетті. Еңбек министрлігінің статистикасы бойынша, бұл салада бір жарым миллионға жуық адам жұмыс істейді. Олар күн сайын медициналық тексеруден өтеді. Бүгінгі таңда бізде «Алматыэлектротранс» ЖШС-да алты құрылғы жұмыс істейді, онда күніне 1000-1200-ге жуық жүргізуші рейске шығады.
Сіз ойлап тапқан құрылғыңыз бұл мекемелердің жұмысына қалай ықпал етті?
- Медициналық тексеруден өту әдеттегідей шамамен 8-10 минут уақытыңызды алады. Елестетіп көріңізші, бір сағатта бір уақытта 500 жүргізуші 5-6 медбикенің көмегімен тексеруден өтуі керек. Біз бұл үрдістің небәрі 1 минут 10 секундқа дейін қысқартылғанына және адам факторының жойылуына қол жеткіздік.
Сіздің жүйеңіз ықтимал апатты болдырмаған жағдайлар болды ма: мысалы, жүргізуші жұмысқа алкогольдік масаң күйде немесе дене қызуы көтеріліп келді ме?
Бұл құпия ақпарат болғандықтан, барлық деректер жұмыс берушінің деректер базасында қалады.
Сіз акселератор бағдарламасында өзіңіз үшін қандай жаңа нәрселерді алдыңыз? Med365-ке қатысты жаңа мақсаттар бар ма?
- Жоба бойынша біз көптеген пайдалы ақпарат аламыз. Ең алдымен, акселератор біз үшін бизнес-үрдістердегі тәжірибесімен бөлісетін сарапшылармен өзара әрекеттесу мүмкіндігімен пайдалы. Бүгінгі біздің мақсатымыз – жобаның ауқымын кеңейту.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін