8 апта ішінде табысты бірнеше есе арттыру жолы — Astana Hub-тың Sales Bootcamp бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Стартаптарға арналған Sales Bootcamp — Astana Hub ұсынған 8 апталық қарқынды бағдарламаға өтінім қабылдау 13 шілдеге дейін жалғасады.

Sales Bootcamp — нарыққа шыққан, енді табысын бірнеше есе арттырғысы келетін командаларға арналған практикалық бағдарлама. Бағдарлама жеке трекермен жұмыс, автоматтандыру құралдарын меңгеру және нақты кейстер негізінде оқытуды біріктіретін қарқынды практикум болып табылады. Әр қатысушы жобаларды масштабтау тәжірибесі бар маман-трекермен жұмыс істейді. Трекер сату воронкасын құруға, әлсіз тұстарды анықтауға, келісім циклін оңтайландыруға және цифрлық құралдарды енгізуге көмектеседі.
Сабақтар мастермайнд, практикум және супервизия форматында өтеді. Спикерлер қатарында Орталық Азия мен халықаралық нарықтардан келген кәсіпкерлер мен сала мамандары бар.
«Қатысушылар тиімді скрипттер, хаттар мен хабарламалардың шаблондарын меңгереді, келіссөз жүргізу, клиенттерді ұстап қалу дағдыларын дамытады. Бағдарлама B2B және B2C модельдеріне арнап екі бағытқа бөлінген, бұл әдісті мақсатты аудитория мен өнім ерекшелігіне бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушыларға заңдық және қаржылық мәселелер бойынша жеке консультациялар да ұсынылады», - дейді Astana Hub бизнес бағдарламалар офисінің директоры Ербол Ахметов.
Өткен жылы 40 стартап жоба бағдарламаны сәтті аяқтаған. Нәтижесінде қатысушылар 96 миллион теңгеден астам сомаға сатылым жасап, 18 миллион теңгеден аса таза пайда тапты. Бағдарлама аясында 18 жаңа жұмыс орны құрылып, 11 стартап халықаралық нарыққа шықты. Бағдарлама туралы толық ақпаратпен танысып, өтінім беру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Larry Jemmy · Шілде 13, 2025 15:36
WHAT CAN I DO TO RECOVER MY STOLEN BITCOIN? CONSULT THE HACK ANGELS I understand the frustration and stress associated with lost funds through investment scams. They got me and did away with 2.4 million dollars. Luckily, I have some influences around who introduced me to a hacker called THE HACK ANGELS. As specialists in crypto recovery, the team of expert professionals is dedicated to helping individuals and businesses reclaim their lost money lost to investment scams. I couldn't believe my eyes when my 2.4 million dollars was recovered. I’m truly grateful for their service and I feel it is right that I put this out here for anyone who might require their services. You can contact them directly at Email at support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)2 0 0-2 3 2 0 I know this might be irrelevant to most of you but if you've ever lost your cryptocurrency to these online scammers on the internet and you need help retrieving it. THE HACK ANGELS is the best cryptocurrency recovery expert. If you're in London, you can even visit them in person at their office located at 45-46 Red Lion Street, London WC1R 4PF, UK.
Антон Тищенко · Шілде 9, 2025 17:53
🔥🔥🔥