DECENTRATHON 3.0 ӘЛЕМНІҢ 19 ЕЛІНЕН 2670 ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРДІ
Ең ірі онлайн-хакатон табысты аяқталды: 1349 команда 16 миллион теңге жүлде қоры үшін жарысқа түсті.

Үш күнге созылған халықаралық хакатон Decentrathon 3.0 нағыз жаһандық деңгейдегі технологиялық оқиғаға айналды. Қарқынды жұмыс барысында іс-шара әлемнің 19 еліндегі 2670 қатысушынының басын қосты, олар жасанды интеллект және геймджем саласында инновациялық шешімдер жасау үшін 1300-ден астам команда құрды.
Хакатонның географиялық ауқымы кең: Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия, Өзбекстан, Малайзия, Испания, Грузия, Тәжікстан, Әзербайжан, Венгрия, Австрия, Армения, Израиль, Қырғызстан, Сербия, Оңтүстік Корея, Румыния және Вьетнамнан командалар қатысты. Бұл Decentrathon-ды аймақтағы жетекші технологиялық оқиғалардың бірі ретінде айшықтады.
Хакатонды Decentra платформасында онлайн-форматта өткізу қатысушыларға өз жобаларын ыңғайлы ортада жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар үш күн бойы командаларға техникалық қолдау көрсетті.
«Decentrathon – ең алдымен адамдар туралы. Бұл – ауқымды істің бөлігі болғысы келетін, бірлесіп дамуға және жаңалық ашуға ұмтылатын жандар жайлы. Хакатон ғана емес, әркім өз идеясын ортаға салып, бір толқында жұмыс істей алатын қауымдастық», — деді Blockchain and AI Technology Center жетекшісі Айдана Қасқырбек.
Kazakhtelecom, activ 5G және Mastercard серіктестігімен іске асырылған AI-тректің "Креативтегі AI" арнайы бағыты қатысушылардың ерекше назарын аударды. Бағдарламалау дағдыларын қажет етпейтін бұл трек шығармашылық тұлғаларға заманауи AI құралдарын пайдалана отырып, бірегей шешімдер жасауға мүмкіндік берді. Ал Grand Mobile серіктестігімен әзірленген GameJam қатысушылардың ойын прототиптерін жасау және инновациялық ойын механикаларын әзірлеудегі белсенділігін көрсетті.
Decentrathon 3.0-дің табысы инклюзивті технологиялық платформа құру стратегиясының дұрыстығын растады. Цифрлық даму, инновация және ғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Astana Hub және Blockchain and AI Technology Center ұйымдастырған іс-шара заманауи технологиялардың географиялық шектерге қарамастан, адамдарды қалай біріктіре алатынының мысалы болды.
Decentrathon 3.0-дің халықаралық табысы жобаны одан әрі дамытуға арқау болды. Ұйымдастырушылар жаһандық технологиялық қауымдастықтың сұранысын және халықаралық әріптестік тәжірибесін ескере отырып, басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға ден қойды.
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Maxim Leman · Мамыр 29, 2025 12:39
Интересно,
Arman Zhalgasbayev · Мамыр 28, 2025 22:06
Крутой охват, 19 стран, ~3000+ участников ✨️🏆
Медет Науханбеков · Мамыр 28, 2025 20:09
👍🏻